- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте көпбалалы ана мен жұмысшы жастар баспаналы болды
Шымкентте көпбалалы ана мен жұмысшы жастар баспаналы болды
25 Желтоқсан, 2019 10:09
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналар мен жұмыс істейтін қала жастарына пәтер кілттерін табыстады.
Елбасы мен Президенттің жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында жылдың қорытындысы бойынша қалада жалпы 450 көпбалалы ана мен 904 жас баспанамен қамтамасыз етіледі.
Жаңа жыл қарсаңында пәтер кілтін табыстаған қала әкімі Ерлан Айтаханов жастар мен көпбалалы аналарды жаңа қонысымен құттықтады.
«Өздеріңізге белгілі, Елбасы 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Сондай-ақ, Президент көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін алға қойған болатын. Осыған орай, бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналар мен жұмыс істейтін қала жастарына пәтер кілттерін табыстап отырмыз. Қоныстарыңыз құтты болсын! Үй іші береке, бақ пен ырысқа толы болсын! Осындай қуанышты күндеріміз бен қайырымды істеріміз мол болсын», - деді Ерлан Қуанышұлы.
Айта кетейік, Шымкент қаласында бюджет есебінен 2019 жылы 1554 пәтерлі 27 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 656 пәтерлі 11 несиелік тұрғын үй, 898 пәтерлі 16 арендалық тұрғын үй болып табылады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай