• Басты
  • Шымкентте егістік көлемі 1000 гектарға артты

Шымкентте егістік көлемі 1000 гектарға артты

26 Мамыр, 2020 17:36

Шымкентте егістік көлемі 1000 гектарға артты. Бұл туралы аппараттық мәжіліс барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,0 мың гектарға көп.

Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына 1,25 мың тонна жанар - жағармай бөлініп, 174 – теңгеден 160 - теңгеге төмендетілді.
 
Ал минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105,1 млн.теңге қаржы қаралып, бүгінгі таңда 1,0 мың тонна тыңайтқыштар 50,3 млн.теңгеге субсидияланды. Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударған қала басшысы құжаттары жоқ егістік жерлер мен сегментацияланған егістік алқаптарды заңдастыру жұмыстарын қадағалауға алуды, игерілмеген егістік жерлер бойынша тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.

Барлық жаңалықтар