• Басты
  • Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берді
22 Мамыр, 2020 16:45

Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берді

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы бойынша онлайн режимде жиын болып өтті,деп хабарлады Strategy2050.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.



Шымкентте 7 мыңға жуық түлек ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш берді

ҰБТ тапсыру кезінде мектеп түлектерінің денсаулығы басты назарда екенін айтқан қала басшысы  тестілеу өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударуды тапсырды. 

Жиында Ұлттық бірыңғай тестілеудің дайындық барысы туралы баяндаған білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева биылғы 2019-2020 оқу жылында бітіруші 8 885  түлектің 6 799-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіргенін мәлім етті.

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҰБТ-ға өтініштерді қабылдаудың форматына өзгерістер енгізілді. Яғни, оқушыларымыз ағымдағы жылдың сәуір айының 15-нен бастап мамыр айының 10-ы күні аралығында ҰБТ-ға өтінішітерін онлайн тіркеді. Ал, тестілеу қаладағы төрт жоғары оқу орындары жанынан құрылған Ұлттық бірыңғай тестілеу орталықтарында өткізіледі. Ондағы құқықбұзушылықтың алдын-алу және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында ұялы байланыс сигналы жаңа 5G үлгідегі тұншықтырғыштармен қамту жолдары қарастырылуда»,-деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, биылғы жылы ҰБТ тапсыру форматы өзгеріссіз қала береді. Яғни, Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрынғыша 2 блоктан тұрады. 

Бірінші блокта 3 міндетті пән, әрқайсысы 20 тапсырмадан. Атап айтқанда: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және қазақстан тарихы . Ал екінші блокта  30 тапсырмадан болатын 2 бейінді пән болып табылады. Тестілеу уақыты - 3 сағат 50 минут, максималды балл – 140.
Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы тестілеу кезінде балалардың қауіпсіздігі үшін әрқайсысының сақтық шараларын ұстануын қадағалауды айтып, бірқатар сала жетекшілеріне  ҰБТ-ға дайындықты күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды