• Басты
  • Шымкентте 2448 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
29 Мамыр, 2020 16:15

Шымкентте 2448 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен  қала аумағы бойынша жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару бойынша жиын өтті.Онда жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Әшірбеков нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін 2448 жер учаскесі бойынша қаулы шығарылғанын атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz қала әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Шымкентте 2448 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

«Аталған нысандарға ағымдағы жылы 3,7 млрд. теңге қаражат қарастырылған. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады. Бүгінгі таңда алаңы 17,3 гектарды құрайтын 152 жер учаскесін  қайтаруға 1 млрд. 458 млн. теңге жұмсалған»,-деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бес айында тұрғын үйлер құрылысы мен жол құрылысына, жаңа терминал мен жұқпалы ауруханаға және мектеп пен жасыл аймақ құру сынды 11 нысанның құрылысы үшін құру үшін мемлекет мұқтажына қарастырылған жер учаскелері толықтай қайтарылған.
Құрылыс жұмыстарына қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстарына қарқын беруді айтқан қала басшысы бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар үшін қажетті жер телімдерін қайтаруды тапсырды. 

«Жоспарланған құрылыстың созылуына алып келетін мәселенің бірі меншік иелерінің бағаланған мүліктің құнына келіспейтіндігі. Сондықтан құнын айқындауда меншік иесінің құқығы қорғалып, нарықтағы құнмен өтелуі тиіс.  Сонымен қатар, қалада жүзеге асырылып жатқан жобалардың маңыздылығы туралы тұрғындарға дұрыс түсіндіру қажет»,-деді М.Әйтенов.

Еске салсақ, өткен жылы 199 жер учаскелері 2 млрд. 301 млн. теңге қаражат бөлініп, 61,8 га жер мемлекетке қайтарылған.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды