• Басты
  • Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болмақ
11 Маусым, 2020 12:45

Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болмақ

Жыл соңына дейін Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болмақ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиналыста Тұрғын үй және тұрғынүй инспекция басқармасының басшысы Ғ.Төлепов айтты, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болмақ
"Қуанышты жаңалық. Жыл соңында 450 көпбалалы отбасы, 394 әлеуметтік жағынан осал топтағы азамат, 300 жас баспаналы болады", - делінген хабарламада.

Айтып өтейік, ағымдағы жылы «2-10-20» бойынша 1047 аз қамтылған отбасы электронды түрде несие арқылы пәтер алуға өтінім берген. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.  Ал «7-20-25» бағыты бойынша 219 азамат, «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы 73 азамат баспаналы болған. 


Жыл соңына дейін «2-10-20», «7-20-25» бағдарламасымен бастапқы жарнаның бір бөлігіне әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде жергілікті бюджеттен ақша қаралып, сертификаттар беру жоспарланған.

Жалпы Шымкентте кезекте тұрғандар: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар – 1631, көпбалалы – 5188, әлеуметтік жағынан әлсіз топ – 12829, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 19585, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған – 26. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды