- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті
Шымкентте дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімдігінің және тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті өкілдерінен құрылған топ дәріханалардың дәрілік препараттармен қамтамасыз етуіне, сондай-ақ осы дәрілік заттардың шекті бөлшек бағаларын сақтау бойынша мониторинг жүргізіп жатыр.
Шаһарда инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева баяндады.
«Бүгінде қаламызда ЖРВИ, пневмония және тұмаудың басқа да түрлерімен ауырғандар саны көбейіп кетті. Осы себепті халық рецептсіз босатылатын дәрілерді жаппай сатып алуда. Бұл дұрыс емес. Дәрілердің мерзімі мен сақтау жолдары бар. Егер ол дұрыс сақталмаса, адам ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан дәрілерді, мейлінше, дәрігердің нұсқаулығымен сатып алу керек» - дейді ол.
Сонымен қатар, Ләззат Қашқынбаеваның айтуынша, қаламызда дәрі тапшылығы туралы шағым түспеген. Алайда дәріханаларда дәрілердің тез таусылып жатқаны туралы ақпараттар бар. Яғни қоймаларда дәрілер бар, бірақ дәріханаларға жеткен соң, тез таусылып қалуда. Қалада 730-дай дәріхана бар. Оның 60%-ы үлкен, қалғаны – кіші дәріханалар. Кіші дәріханаларда дәрілердің қоры аз болады екен. Ал үлкен компаниялардың дәрі-дәрмек қоры жеткілікті көрінеді.
Шымкент қаласының дәрі сақтайтын қоймалары мен дәріханаларында "Парацетамол", "Эффералган", "Панадол", "Нурофен", "Ибупрофен", "Нимесулид", "Миг 400" сияқты рецептісіз босатылатын ыстықты төмендететін препараттар бар. Нақтырақ айтсақ, дәріханалық қоймаларда 115 389 қорап, дәріханаларда 123 097 қорап бар екен.
Сонымен қатар, "Ингавирин", "Эргоферон", "Кагоцел", "Арпефлю" сияқты рецептісіз босатылатын вирусқа қарсы препараттардың саны дәріханалық қоймаларда 25 518 қорап, дәріханаларда 12 869 қорапты құрап отыр.
Шекті бағаны «DariKz» электрондық қосымшасы арқылы білуге болады. Қосымшаны смартфонға жүктеп, халық ҚР аумағында рұқсат етілген дәрілік препараттар бағасы көре алады.
Осы орайда, қала тұрғындары дәріханалардағы дәрілік заттардың бекітілген шекті бағасынан асып кеткенін байқаған жағдайда 30-03-04, 21-23-37 бірыңғай байланыс нөміріне шағымдана алады.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
-
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары
-
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары
-
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады
-
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар
-
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі
-
COVID-19: Төсек-орын қоры, вакцинациялау және Ashyq қосымшасы
-
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды
-
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізуге мүдделі
-
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек
-
Елордада «Жамбылмен бірге жырлайық» шығармашылық байқауы қорытындыланды
-
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған

