• Басты
  • Шымкент: Мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
23 Маусым, 2020 17:13

Шымкент: Мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Шымкент қаласында мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Шымкент: Мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Нәтижесінде жыл соңында қосымша 1,5 млн литр сүт, 40 млн дана жұмыртқа, 2 мың тоннадан аса құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 

Қала әкімінің орынбасары Е.Садыр ауыл шаруашылығы нысандарына арнайы барып, жұмыстарымен танысты. 
Алғаш болып ЖК «Нормухамедов»  шаруа қожалығына барды. ЖК «Нормухамедов»  - 2007 жылдан бері бал арасын дамытып отырған шаруашылық. Жылына 100,0 тоннадан астам бал өндіреді. Бүгінде 5000-нан астам бал ара ұясы бар.

Ал, «Зертас» ШҚ  сүт фермасы 2019 жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы (симменталь) асыл тұқымды сиырларын әкелген. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпы ІҚМ басы 161-ге жеткен. 

«Тассай құс» ЖШС жылына 40 млн дана тағамдық жұмыртқа өндіруде. 

Қосымша айта өтсек, ағымдағы жылдың 5 айында Шымкентте 5983,4 тонна ет, сүт 19260 тонна, жұмыртқа 62,5 млн дана өндірілген. ІҚМ – 82,6 мың бас, қой мен ешкі – 112,2 мың бас, жылқы – 14,6 мың бас, түйе – 29 бас, құс – 953,9 мың басты құрап отыр.

Барлық жаңалықтар