• Басты
  • Шығыс Қазақстан облысында заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылады
15 Мамыр, 2020 12:35

Шығыс Қазақстан облысында заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылады

18 мамырдан бастап Өскемен қаласында шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін 4 орталық ашылады. Сондай-ақ заңды тұлғаларға арналған ХҚО 13 аудан орталығында ашылады. Тиісті шешімді ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық штабы қабылдады,деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
Шығыс Қазақстан облысында заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылады

Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе  egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсету үшін кәсіпкерлерге құжаттарының толық пакетін ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимін сақтауды сұрайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлері бетперде мен қолғаптарда жұмыс істейтін болады.

Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттік қызметтерді egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуды жалғастырады. 

Заңды тұлғалар үшін ХҚО-ның жұмыс кестесі Дүйсенбі-жұма аралығы 9.00-ден 17.00-ге дейін, Сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды