• Басты
  • Шығыс Қазақстан облысы соя мен жүгері экспортын арттырады
20 Ақпан, 2020 10:45

Шығыс Қазақстан облысы соя мен жүгері экспортын арттырады

Өңір басшысы Даниал Ахметов халық алдында берген есебінде аграрлық сектордың белсенді даму барысы туралы айтты, деп хабарлады облыс басшысының баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысы соя мен жүгері экспортын арттырады

Шығыс Қазақстан облысы сүт, бал, панта, күнбағыс тұқымдары өндірісі бойынша республикада 1-ші, ал ет өнімі бойынша 2-ші орынды иеленеді.

"Даниал Ахметов 2019 жылы ауылшаруашылығын қолдау мен дамытуға жалпы сомасы 31 млрд. теңге субсидия бөлінгенін еске салды. Осыған орай, бұл қаражаттың барынша ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету қажет. 2015-2019 жыл аралығындағы сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында салынған инвестиция жергілікті халықтан сүт сатып алудың ақшалай эквивалентін 17 есеге, табиғи көрсеткішін 13 есеге арттырды. Бұл 3,7 мың тоннадан 48,4 мың тоннаға артқан көрсеткіш. 5 жыл ішінде қайта өндіру кәсіпорындарының қуаты 29-дан 75 %-ға өсті", делінген хабарламада.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыты – егін шаруашылығынан экспортқа негізделген өнім алуға өту. Соя мен жүгері өндірісі облыс үшін стратегиялық маңызға ие. Өңір басшысы 2024 жылға дейін егін алаңдары 4,2 есеге, жалпы өнім – 6,5 есеге, өнім экспорты – 1,5 мың тоннадан, 15 мың тоннаға, 10 есеге артатынын айтты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды