• Басты
  • Шу көтеретіндей негіз жоқ – АШМ басшысы
13 Наурыз, 2020 12:38

Шу көтеретіндей негіз жоқ – АШМ басшысы

ҚР Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров азық-түлік тапшылығы бойынша шу көтеретіндей ешбір негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Шу көтеретіндей негіз жоқ – АШМ басшысы

Министр Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен АШМ, Сауда және интеграция мен облыс пен қала әкімдіктері жедел штаб құрылғанын айтты.

Жедел штабтың мақсаты – елді азық-түліпен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жасап отырады.

«Азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізіп отырамыз. Мониторинг күнде жүргізіліп отырады. Мониторингтің жедел ақпаратына сәйкес, елде азық-түлікпен қамтамасыз ету өте жоғары. Бақылау өңірлік тұрақтандыру қорында, өндірушілердің қоймалары мен сауда орындарындағы қоймалардағы азық-түліктің қалпы мен көлемін қадағалап отырмыз. Бүгінгі таңда 1,2 млн тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры бар. Бұл әр адам басына шаққанда 5-6 ай елімізді толығымен азық-түлікпен қамтамасыз етуге жетеді», - деді ол.

Сондай-ақ, министр кейбір азық-түліктер артығеымен өндірілетінін айтты.

«Өнім күнде өндіріліп отырады. Ұн, қант, ет, сүт өнімдерін өндіру тоқтап жатқан жоқ, керсінше өсіп жатыр. Шу көтеретіндей негіз жоқ. Бір-екі мысал келтірейін, барлық азық-түлік өнімнің жылдық өндірісі халықты толығымен қамтамасыз етедә. Кейбір азық-түлік артығымен өндіріледі. Мысалы, ең басты азығымыз ұн, ұнды 3 млн тоннадан артық көлемде өндіреміз, ол ішкі нарықты 204 пайызға қамтамасыз етеді. 144 мың күріш, 165 мың тонна макарон өндіріледі. Картоп 3,9 млн тонна өндіріледі, ішкі нарықты 108 пайызға қамтамасыз етеді», - деді ол. 
Аягөз Құрмаш 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды