• Басты
  • ШОК субъектілерінің саны 1, 6 млн бірлікті құрады – Ж.Мәдиев
28 Қазан, 2019 16:16

ШОК субъектілерінің саны 1, 6 млн бірлікті құрады – Ж.Мәдиев


ҚР  Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев Үкіметте өткен баспасөз конференциясында кәсіпкерлікті дамыту және елде бизнес-климатты жақсарту туралы, Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде позицияларын жақсарту туралы айтып берді.


ШОК субъектілерінің саны 1, 6 млн бірлікті құрады – Ж.Мәдиев
«Қазақстан 3 позицияға жоғарылап, әлемнің 190 елінің арасында бизнесті жүргізу бойынша ТОП-25 елдің қатарына кіруі Үкіметтің жылдан жылға бизнесті дамыту үшін қалыпты жағдай жасауға бағытталған шараларының әрекетті болып келгенін байқатты.Қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлік әлеуетті ашуға, бизнес-климатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Іскерлік климатты жақсарту шағын және орта кәсіпкерліктің өсуін қамтамасыз етеді, бұл елдің экономикалық өсуіне және халықтың әл-ауқатының жақсаруына жәрдемдеседі», - деді Ж.Мадиев.

 Сонымен қатар, ол ресми статистикалық деректерге сәйкес 2019 жылғы қаңтар-шілде аралығында республика бойынша ЖІӨ-де ШОК үлесі 28,5%-ды құрағанын айтты.

 « Біздің міндетіміз аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 30%-ға және 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізу болып табылады, бұл дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келеді.Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-маусымда ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 12,7 трлн. теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 10,8%-ға өсті», - деді ол.

 Оған қоса, жылдар бойынша нәтижелерді салыстыратын болсақ, 2018 жылы өнім шығарылымы 26,5 трлн.теңгені құрады, бұл 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 70%-ға жоғары екені анықталды.

 «Тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1, 6 млн. бірлікті құрады.ШОК-та жұмыс істейтіндер саны 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 3,3 млн адамды құрады.Кәсіпкерлік қызмет жөніндегі заңнама 2014 жылы Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасын, ал 2015 жылы Кәсіпкерлік кодексті қабылдай отырып реформаланған болатын. Сонымен қатар, 5 жыл бойы «Doing Business» рейтингі шеңберінде бизнесті дамыту үшін қалыпты жағдай жасауға бағытталған заңнамалық бастамалардың 7 топтамасы қабылданды», - деді ол.

 Сондай-ақ, Жаслан Мәдиев айтып өткендей, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасына сәйкес бизнестің реттелуін жетілдірудің тұжырымдамалық реформалары іске асырылды, оның ішінде, мемлекеттік бақылау және қадағалау, рұқсат беру жүйесі, бизнестің қызметіне негізсіз араласуды шектеу салаларында реформалар жүзеге асырылды .

 «Осылайша, 2018 жылы Кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері жөніндегі Заңмен іріктеме тәртібі бойынша жүзеге асырылатын тексерулердің орнына профилактикалық бақылау институты енгізілді.Профилактикалық бақылаудың іріктеме тексерулерінен айырмашылығы әкімшілік іс қозғамай құқықбұзушылықтар профилактикасы мен алдын алу болып табылады», - деді ол.

Ал, мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске тексерулер жүргізу мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін қысқартылды.

«Сондай-ақ қабылданған заңмен 114 бақылау саласынан 20 сала және 18 қадағалау саласынан 3 сала алып тасталды. Оған жүзеге асырған кезде қайталану мен тиімділіктің болмауы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекет пен тұтынушының қауіпсіздігіне төнетін қауіппен байланысты емес тиісті бақылау-қадағалау функциялары ықпал етті», - деді ол.

Сондай-ақ, бұл да кәсіпкерлікті дамыту үшін қалыпты жағдай жасауға жәрдемдеседі

«Бұл ретте, шағын, оның ішінде макробизнеске тексерулер жүргізуге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жыл мерзімге мораторий енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, бұл да кәсіпкерлікті дамыту үшін қалыпты жағдай жасауға жәрдемдеседі», - деді Ж.Мәдиев.

Осылайша, соңғы 10 жылда белгілі бір қызметті жүзеге асыру тәуекелдерін бағалау негізінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін тәуекелге бағдарланған тәсіл енгізілід, іріктеме тексеру жүргізу және тексеруге балама институты енгізілді.

«Кәсіпкерлік кодексті қабылдай отырып (2015 жылдан бастап) мемлекеттік органдар үшін тәуекелдерді басқаруда ортақ тәсілдер жасалды және анықталды және тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтары бекітілді», - деді ол.

Сондай-ақ, жүйелік негізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқасында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің жалпы саны 2010 жылдан бастап 2017 жылмен салыстырғанда 4,3 есе қысқарды.

«2014 жылы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңды қабылдай отырып 481 рұқсаттан және 227 лицензияланатын қызмет түрлерінен тұратын қорытынды тізбе жүйеленді және бекітілді.Бүгінде рұқсат беру құжаттарының жалпы саны 70%-ға, яғни, 1200-ден 316-ға қысқартылды. Заңды қабылдау бизнеске қысымды азайтты, әкімшілік тосқауылдар саны қысқартты және мемлекеттік органдардың артық функциялардан жүктемесін азайтты, сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуы үшін барынша қалыпты жағдай жасады», - деді ол.

Сонымен қатар, бизнеске әкімшілік жүктемені азайту шараларын қабылдай отырып, мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске артық жүктемемен және қызметіне араласумен байланысты реттеушілік әсердің жаңа шараларынан қорғауды қамтамасыз ету қажет.

 «Бизнестің реттелуін қатаңдату қажеттілігімен немесе қажетсіздігімен байланысты объективті бағалауды қамтамасыз ететін құрал 2015 жылдан бастап әрекет ететін реттеушілік әсерді талдау институты болып табылады.Норма шығару практикасы РӘТ енгізу нәтижесінде мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметтің реттелуін қатаңдату бойынша бастамаларының саны 3 есе қысқарды, ол мемлекеттік органдарды бизнесті реттеу мәселелерінде саналы тәсілді пайдалануға мәжбүрлейді.РӘТ қолдану арқылы жол берілмеген шығындар сомасы 2016-2018 жылдары 6 млрд-қа жуық теңгені құрады», - деді ол.

  Сонымен қатар, бүгінде кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша субсидиялау және кепілдендіру, жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне грант беру, сондай-ақ шетелде оқу, тағылымнамадан өту, сервистік қолдау түрінде ауқымды қолдау құралдарына ие бола алады.

 ««БЖК 2020» іске асыруға 2010 жылдан бастап 436,6 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. 2019 жылы 51,3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат көзделген.Біздің жұмысқа Дүниежүзілік Банктің «Doing Business»  рейтингінде халықаралық бағалау жасалған, Қазақстан әлемнің 190 экономикаларының арасында рейтингтің 25-орнына ие болды», - деді ол.

 Сондай-ақ, Қазақстан 79,7 балы бар Германиядан кейін ықтимал 100 балдың 79,6 балына ие болды. Қазақстан Австриядан, Жапониядан, Испаниядан, Франциядан, Швейцариядан және ТМД елдерінен озды. 

  «Балдар саны бойынша біздің 79.6 балл алған Канада және Ирландиямен тең позицияға ие болуымыз да қуантады. Олар рейтингде 23 және 24-орындарға ие.Бұл ретте, «Нұр Отан» партиясының XVII съезінде  2021 жылға қарай «Doing Business» рейтингінің ТОП-25 елінің қатарына кіру міндеті анықталғанын атап кеткен жөн. Бүгінде, біз осы міндетті 2019 жылы орындадық», - деді ол.

 Соңғы екі жылда Қазақстан 11 позицияға жоғарылады. Бұл Үкіметтің 2014 жылдан бастап заңнамалық бастамалардың 7 топтамасы шеңберінде қабылданған реформаларының рекордты нәтижелерін байқатады.

   «Рейтингтің нәтижелеріне сәйкес Қазақстан 10 негізгі бағыттың 3-уі бойынша жоғарылады және «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша әлемдегі төртінші орнын сақтап қалды. Қазақстан «Кредит алу» (+35 позиция), «Кәсіпорындарды тіркеу» (+14 позиция), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (+9 позиция) индикаторлары бойынша айтарлықтай өсуді байқатты», - деді ол.

   Ж.Мәдиев қорытындылағандай, жұмыс осымен тоқтап қалмайды.

«Біздің маңсапты мақсатымыз – Қазақстанда бизнес үшін ең үздік жағдай жасау және «Doing Business» рейтингінің ТОП-25 үздік елдерінің халықаралық бағасына ие болу», - деп түйіндеді ол.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды