• Басты
  • ШОБ корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі
20 Қаңтар, 2020 10:24

ШОБ корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі

Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл заңды Ұлттық экономика министрлігі әзірледі. 
ШОБ корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі

Тиісті түзетулер жаңа жылдан бастап күшіне еніп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң арқылы қабылданды. 

Көзделіп отырғандай, жаңалық жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі іскерлік белсенділігін арттыруға және ШОБ-ты дамытуға ынталандыратынын Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҰЭМ хабарлағандай, республикалық бюджетке КТС түсімі тек тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен ғана түседі. Кәсіпкерлердің тізбесі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен үш жылда бір рет бекітіледі.

Сондай-ақ облыс мәслихаттарына облыс және аудан бюджеттерінің арасындағы ШОБ-тың КТС-ын бөлу нормативтерін белгілеу құқығы беріледі.   

Бұрын корпоративтік табыс салығының түсімдері толық көлемде республикалық бюджетке түсетін.

Еске салсақ, арнайы салық режімі қолданылатын микро- немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер корпоративтік, жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа), әлеуметтік салықты және бірыңғай жер салығын төлеуден үш жылға босатылады. 

Министрліктің есебі бойынша, табыс салығынан босату 1,2 млн. микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылады. Бұл бизнеске үш жыл ішінде 380 млрд. теңгеден астам қаражат үнемдеуге, босаған қаражатты өз қызметін дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.

Бұл түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 290-VI Қазақстан Республикасының заңы арқылы қабылданды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды