• Басты
  • Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады

Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады

24 Желтоқсан, 2020 16:24

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсанда оқу тәртібі қалай боларын, мұғалімдердің еңбекақысы мен студенттердің шәкіртақысы туралы айтты, деп хабарлады Strtategy2050.kz тілшісі.


Министр журналитердің сұрақтардың жауап беру кезінде ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитынын айтты.

«Бұл өте маңызды шешім, ол бірнеше айдан кейін қорытынды аттестаттау, мемлекеттік емтихандар тапсыратын балаларға қатысты. Біз тоғызыншы және он бірінші сынып түлектері туралы айтып отырмыз. Балалар барлық бағдарламаның 70%-ын дәстүрлі режимде, 30%-ын қашықтықтан оқиды», - деді министр.

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б. пәндер мектепте оқытылады. Яғни, барлық пәннің 70%-ы штаттық форматта өтеді. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады.

Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды. Сонымен қатар бітіру сыныптары түлектерін оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледждерге түсу үшін кешенді емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілді. Осы орайда мектептерде санитарлық шаралар сақталатын болады. ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын іске асыру аясында педагогтердің еңбекақысын 4 жылда 2 есеге арттыру көзделген. 2020 жылы оқытушыларының еңбекақысы 20%-ға өсті. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің еңбекақысы тағы 25%-ға ұлғаяды. Сондай-ақ ол мектеп мұғалімдеріне 10-нан астам бағыт бойынша қосымша ақы төленетінін атап өтті. Мысалы, магистр дәрежесі, тәлімгерлік, сынып жетекшілігі және дәптерлерді тексергені және т.б. бойынша әртүрлі көлемде қосымша ақы қарастырылған.Тек мектеп мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар балабақша, колледж педагогтары, қосымша білім беру жүйесі де қамтылады.

Категорияға байланысты мұғалім өз еңбекақысының 30-50% дейін ала алады. Егер ол мастер болса - ол ай сайынғы қосымша төлем ретінде жалақысының 50%-ын ала алады. Ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптерлерді тексергені, сынып жетекшілігі, магистр дәрежесі үшін биыл алғаш рет әріптестеріміз ай сайын 27 000 теңге мөлшерінде қосымша ақы ала бастады. Бұл 25% емес, бірақ одан да көп. Мұны статистика нәтижелері көрсетіп отыр», - деді министр.

Айтпақшы, Асхат Қанатұлы бүгінгі брифингте мұғалімдердің қағазбастылықтан, қажетсіз есептен заңды түрде құтылғаны туралы мәлімдеді.

«Заң қабылданды, норма нақты бекітілді, заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қазір осы процестердің барлығын регламенттеудің нақты тетіктері бар. Қазіргі кезде педагог күн сайын екі-ақ құжат толтыруы тиіс деп бекіттік: сынып журналы, ол көп жағдайда электрондық түрде толтырылады және сабақ жоспары. Күнде бұдан басқа құжаттарды толтырмауы керек», - деді ол.

2020 жылдың қаңтарынан бастап техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің шәкіртақысы төрттен бірге өсті. Қазіргі таңда колледждердің 245 мың студенті стипендия алады, бұл мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылардың жалпы контингентінің 88,5%-ын құрайды. Енді оларға төленетін ай сайынғы төлем мөлшері 22 мың теңгені, жоғарылатылғаны – 24 мың теңгені құрайды. Бакалаврлар енді 26,1 мың теңге, магистранттар – 66,9 мың теңге алады. Аймағамбетовтың хабарлауынша, шәкіртақы 25 %-ға өсті.

«Педагогикалық бағыттар бойынша білім алатын студенттер - бір жыл бұрын олардың шәкіртақысы 21 мың теңгеден аспаған, биыл қыркүйек айынан бастап олар 42 мың теңгеден ала бастады», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар