• Басты
  • Шиелі ауданының тұрғындары жаяу көпірден өтуге қорқады
15 Қаңтар, 2020 16:57

Шиелі ауданының тұрғындары жаяу көпірден өтуге қорқады


Сенат депутаттары Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Жаңақорған ауданындағы Сұңқат және Төменарық ауылдарда жергілікті халықпен, аудандық мекемелердің басшыларымен және ардагерлер кеңесінің өкілдерімен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. 
Шиелі ауданының тұрғындары жаяу көпірден өтуге қорқады

Кездесу барысында Қызылорда-Семей жүйрік пойызын Төменарық станциясында тоқтату, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу және тағы басқа мәселелер талқыланды. 

Сенаторлар ауылдағы аурухана құрылысының құжаттары қаралып жатқанын айта келіп, көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін жаңа сипаттағы әлеуметтік көмекке, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеңілдіктермен қоса ауыл шаруашылығы саласын дамытуға байланысты енгізілген өзгерістерге тоқталды.

Парламентшілер Шиелі ауданының Жүрек, Балаби және Бәйгеқұм ауылдарында ауылдық аурухана қызметкерлерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Жүздесуде әлеуметтік көмек ала алмайтын көп балалы аналар өз наразылықтарын білдірді. Сонымен қатар, 3 ауылдың тұрғындары ауыз су мәселесін шешуді және көктемгі және күзгі кезеңдерде жолды судың жабуына байланысты «Нансай» арнасындағы көпірді жаңартуды сұрады. Сенаторлар барлық мәселелер тұрақты бақылауда болатынын, сондай-ақ жекелеген мәселелер Парламент Сенатында талқыланатынын атап өтті.

Депутаттар сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы құрамымен және студенттерімен кездесті. Жүздесу барысында «Педагог мәртебесі туралы» заң түсіндірілді. Сенаторлар сондай-ақ студенттерге алкогольмен және есірткімен мас болудың зиянды салдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың қайтымсыз залалы мен осы мәселелерге байланысты заңдардың өте қатаңдығы туралы айтып берді. Парламентшілер Елбасы Жастар жылы деп жариялаған өткен жылы студенттердің қоғамдық істерге белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, жастарды Қызылорда өңірінің көркеюіне және қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене қатысуға шақырды.

Барлық жаңалықтар
3.216.79.60, 192.168.88.100