• Басты
  • Шетелдіктер Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн ала алады
24 Маусым, 2020 18:15

Шетелдіктер Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн ала алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» қызметін онлайн режимге ауыстырды. Енді оны egov.kz порталында алуға болады, деп хабарлады министрліктің баспсөз қызметі.

Шетелдіктер Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн ала алады

Енді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұл қызметті әлемнің кез келген жерінен ала алады. Ағымдағы жылғы 16 маусымнан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке өтініш беру талап етілмейді, бұл қызмет алушының да, қызмет берушінің да уақыты мен қаражатын айтарлықтай үнемдейді.

«Біз қазір барлық өзара іс-қимылды онлайн форматта жүзеге асыру маңызды екенін түсінеміз. Соңғы оқиғалар бұған дәлел болып отыр. Сондықтан біз барлық қызметімізді жоспарлы түрде электрондық түрге ауыстырамыз, сондықтан олардың кез келгенін оңай пайдалануға болады. Шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға жұмысқа орналасу үшін анықтама беру бойынша нақты қызметке келетін болсақ, оны egov.kz порталында алу үшін «Азаматтық, көші-қон және иммиграция» бөлімінде қызметтің өзін таңдап, «Онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет. Ашылған терезеде міндетті алаңдарды (ЖСН, ТАӘ, Телефон, e-mail) толтыру және білімі туралы, еңбек қызметін растайтын және шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу қажет. Содан кейін сұранымға ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы қол қою керек», – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұкышев.


Қызмет көрсету мерзімі қажетті құжатқа байланысты 3 күннен 21 күнді құрайды: анықтама беру немесе оны ұзарту.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың соңына дейін Еңбекмині өзінің барлық қызметтерін электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

2019 жылдың қорытындысы бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметтер үлесі 80% - ды құрады.министрлігінің баспасөз қызметі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды