• Басты
  • Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”

Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”

6 Қазан, 2021 19:35

Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХІХ отырысы өткені белгілі. Аталған жиында пандемияның әсері мен салдары, түрлі қақтығыстар кезіндегі діннің рөлі, сонымен бірге келесі сьездің қашан өтетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Жиынға қатысқан спикерлер, атап айтсақ, Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі, Қазақстандағы Інжіл-люретан шіркеуінің архиепископы Юрий Новгородов пандемия әлеуметтік процестерге айтарлықтай әсер еткенін айтып өтсе, Ислам зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак әлемдік қақтығыстарды шешуде діннің әлеуеті өте жоғары екендін атап өтті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз

Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі Юрий Новгородов пандемия кезінде алып-сатарлық әрекеттер көбейгенін атап өтіп,  соңғы екі жылда әлемде адамның еркінен тыс өзгерістер орын алғанын тілге тиек етті.

«Өзім осы аурумен сыртқаттнып басымнан өткергеннен кейін вирустың барына күмәнданбаймын. Алайда,  дүние жүзі бойынша алып-сатарлық әрекеттердің саны артқанын көріп отырмыз. Бұған адамның құқығы мен бостандығы, еркін жүріп-тұра алмауы, қамсыз өміріне өз кесірін тигізді»- деді Юрий Новгородов.
Оның айтуынша, ұлттық және діни қатыстылығына бойынша бөлінулер де пайда болған. Сондай-ақ, ол бүкіл әлем бойынша орын алған локдаун адамның өз-өзімен жеке қалуына себеп болғанын атап өтті.Болашақта коронавирусқа қарсы вакцина алғандар мен алмағандардың арасында арақашықтық пайда болуы мүмкін екендігін жеткізді.
«Ендігі уақытты вакцина алған немесе алмаған деген бөлінулер орын ала ма деп қорқамыз. Көптеген қабылданып жатқан шаралар дұрыс әрі қажет деп санаймын. Алайда, олардың дұрыстығы мен маңыздылығын анықтау керек. Ол қоғамның өмірі мен адами қарым-қатынасты алшақтатпауы тиіс, - деді діни қайраткер.

Ол өз сөзінде пандемия цифрландыруды әкелгенін атап өтті. Сондай-ақ, саясаткерге де, мемлекетке де бағынбайтын өзге бір күштің пайда болғанын жоққа шығармайтынын жеткізді.

«Аталған процестердің барлығы қалыптасқан өмір салты, дәстүрлер, қоғамдық процестер мен институттарды бағалауды түсінуге,  сондай-ақ, адамгершілік пен этиканың туындауына алып келеді», - деді ол.

Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак әлемдік қақтығыстарды шешуде діннің әлеуеті өте жоғары екендігін айтып өтті.

«Мәселен,  Ауғанстан, Ирак, Косово, Үндістан, Ирландия, Таяу Шығыс елдерінде қақтығыстарды шешу мақсатында дін әлеуеті қолданылады. Діннің рөлі осы тұрғыда өте маңызды екенін атап өткім келеді», - деді Мұхаммед Зия Уль-Хак.

Ол  қазіргі заманауи өркениетте барлық дін өкілдерінің бірлесіп жұмыс істеуі маңызды екендігін жеткізді. Оның сөзінше, адамзаттың барлық дін өкілдері күш-жігерлерін біріктірсе ғана ортақ қауіп-қатерді жеңе алады. Осы орайда, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі шеңберінде барлық елдермен одан әрі диалогты дамытқысы келетінін атап өтті.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XIX хатшылығының отырысында Ватиканның Дінаралық диалог бойынша Папалық кеңесінің Ислам мәселелері жөніндегі бюросының басшысы, монсеньор Халед Акаше Елбасы мен Мемлекет басшысының съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалайтынын айтып өтті. Ол сондай-ақ, бұл кеңеске қатысу үлкен мәртебе екенін жеткізді.

«Отырыстың көмегімен құзырлы органдарға біздің өтініштеріміз, ойларымыз жетеді деп ойлаймын. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев мырзаға және съезд хатшылығының лидеріне сенімі үшін алғысымды білдіремін», - деді Халед Акаше.
Сондай-ақ, ол пандемия кезінде өз өмірлерін басқалар үшін қиып, ерлік көрсеткен адамдарға, азаматтық ұйымдарға да өз алғысын білдірді.

Хатшылық отырысының қорытындысы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі өтетін орын мен мерзім белгілі болды. Ол  2022 жылы 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Аталған Форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі кеңінен талқыланбақ.

Отырыс соңында Мәулен Әшімбаев бүгінгі кездесу түрлі мәдениеттер мен дін өкілдерінің ынтымақтастықта және бейбітшілікте өмір сүруге деген ортақ ұмтылысын кезекті рет айқындағанын атап өтті. Сондай-ақ, ол  Хатшылық Басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің дәстүрге айналған осы ұмтылысы Форумның әрі қарай да табысты жұмыс істеуіне негіз боларына сенім білдірді.

«Съезге қатысушылар ұсынылған мәселелер бойынша ешқандай қарсылығын білдірмеді.Бұл мәселені жұмыс табының отырысында талқылау барысында конфессияға қатысқан барлық азаматтың пікірі ескеріле отырып, келесі жылы 14-15 қыркүйекте Съезді өткізу мерзімі бекітілді», - деді Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев.
 
Барлық жаңалықтар