- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдік мемлекет басшылары Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады
Шетелдік мемлекет басшылары Тоқаевты Жаңа жылмен құттықтады
Қазақстан Президентінің атына бірқатар мемлекеттің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылмен құттықтаған жеделхаттар келіп түсуде, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өзінің жаңа жылдық құттықтауында 2019 жылдың Қазақстан үшін айтулы оқиғаларға толы болғанын, соның ішінде, биліктің Конституцияға сәйкес ауысқанын және Мемлекет басшысының сайлаудағы айқын жеңісін атап өткен.
"Бізге Ресей мен Қазақстан арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастардың әлеуетін толықтай сақтап қалғанымыз ғана емес, сондай-ақ, стратегиялық серіктестікті, одақтастықты және тату көршілікті нығайту үшін бірлескен жұмыстарды жалғастыру маңызды. Оған Мәскеу мен Нұр-Сұлтанның Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы күш-жігерінің үйлесім табуы тың серпін берді. Келе жатқан жаңа жылда мемлекеттеріміз арасындағы ықпалдастық қарыштап дамитынына сенімдімін", – делінген Ресей басшысының құттықтау хатында.
Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков келе жатқан жаңа 2020 жылмен құттықтаған жеделхатында Қазақстан халқына бейбітшілік және бақ-береке тілеп, өзінің шынайы лебізін білдірді.
"Жаңа жылда біздің бірлескен күш-жігеріміз екіжақты стратегиялық серіктестікті және бауырлас қырғыз-қазақ халықтарының игілігі жолындағы одақтастық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенемін", – делінген Сооронбай Жээнбековтің жеделхатында.
Сонымен қатар Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин мен Бірінші ханым Ким Чжонг Сук корей халқының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.
"Корей түбегінде бейбітшілік орнату ісіне көрсеткен қолдауларыңыз бен ынтымақтастықтарыңыз халқымыздың болашаққа деген сенімінің қайнар көзі саналады. Корея халықаралық қоғамдастықпен бірлесіп, инклюзивті және тұрақты әлем қалыптастыру ісін жалғастыра береді", – делінген жеделхатта.
Сонымен бірге Мемлекет басшысының атына Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани мен Бірінші ханым Рула Ғани, Литва Президенті Гитанас Науседа мен Бірінші ханым Диана Науседене, Сингапурдің Премьер-Министрі Ли Сянь Лун мен оның жұбайы, Канаданың Генерал-губернаторы Жюли Пайет, Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко, Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберто Азеведо да құттықтау жолдады
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты