- Басты
- Шетелдік медицина университеттерімен стратегиялық серіктестік нығайтылып жатыр
Шетелдік медицина университеттерімен стратегиялық серіктестік нығайтылып жатыр

Бүгін аталған шара аясында отандық медициналық университеттердің шетелдік университеттермен стратегиялық серіктестігі туралы сессия өткізілуде.
Жиын барысында LUHS Сенатының Төрағасы (Литва), прфессор Р. Бенетис пен ҚазМУ ректоры, профессор Т. Нұрғожин Литва медициналық ғылымдар академиясының университеті мен Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы стратегиялық серіктестіктің нәтижелеріне тоқталды.
"2019 жылдың 1 шілдесінде екі медицина жоғары оқу орны арасында бірігіп іс-шараларды өткізу бойынша жоспарға қол қойылған еді. Жоспар бойынша дамудың 5 санатын бекіттік. Атап айтар босам, ҚазҰМУ-ді тиімді басқару мен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу және енгізу, денсаулық сақтау және ғылымның академиялық жүйесінің моделін әзірлеу және енгізу, барлық деңгейдегі жалпы тәжірибеде мамандардың білім беру жүйесін жетілдіру, барлық деңгейдегі педиатр мамандарына арналған білім беру жүйесін жетілдіру, және ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін, біліктілігін арттыру", - деді профессор Нұрғожин.
Сондай-ақ, жиынға қатысып, сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек көрсету департаментінің басшысы Бауыржан Жүсіпов цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру барысында елімізде электрондық төлқұжат енгізілгенін, нәтижесінде дәрігерлер жұмысының жеңілдегені жөнінде айтты. Сонымен қатар, ол алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету жұмыстарын жетілдіру үшін 2019-2020 жылдарға арналған жоспарларымен бөлісті.
"Біз бес бағытта нақты жұмыстанатын боламыз. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ол үшін дәрігерлердің жұмыс жүктемесін азайту. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету құрылғылары, жабдықтармен қамтамасыз ету. Адами капиталы дамыту және денсаулық саласын цифрландыруды жалғасытыру", - деді министрлік өкілі.
Айта кету керек, астанада Digital Bridge 2019 халықаралық технологиялық форумы аясында Digital Health Astana 2.0 көрмесі өтіп жатыр. Көрме аясында үздік сарапшылар өздерінің стартаптарын, жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктерді, сонымен қатар бионикалық протездер, электронды рецептерге арналған ақпараттық жүйе, ақылды стетоскоп сияқты жобалар ұсынылатын болады.
Аталған форум еліміздің жас IT-мамандарын қолдау мақсатында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен өткізілуде.
Назерке Сүйіндік
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар
-
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп қалай бақыланып жатыр
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме?
-
Ауыл шаруашылығында цифрлы технологияларды енгізу қалай жүріп жатыр
-
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі
-
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр
-
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді
-
ЖҚҚ-ның бағасы төмендетілді: ПТР-тестілеу мен медициналық масканың бағасы қанша тұрады
-
COVID-19: Қазақстандағы карантин шаралары жеңілдетілмейді, әлем елдері қатаң шектеу шараларын енгізіп жатыр
-
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр
-
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор

