• Басты
  • Шетелдік IT сарапшы: Software жұмыс орындарын алмастыратын болады
28 Қазан, 2019 11:59

Шетелдік IT сарапшы: Software жұмыс орындарын алмастыратын болады

Жасанды интеллект, бағдарламалық қамтамасыз ету (software) секілді жаңа технологиялардың қарыштап дамуы көптеген жұмыс орындарының жойылуына әкелді. Мысал ретінде өткен ғасырдағы өндіріс, көлік салаларындағы өзгерістерді атап өтуге болады. Болашақта Software қаншалықты жұмыс орындарын алмастырады, білім саласына қалай әсер етеді деген сауалдар еліміздің астанасында өткен Digital Bridge 2019 халықаралық технологиялық форумында талқыға салынды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.  

Шетелдік IT сарапшы: Software жұмыс орындарын алмастыратын болады

Аталған форумның Next Tech Entrepreneur секциясына қатысқан 01 Edu System негізін қалаушы Николя Садирак болашақта Software жұмыс орындарын алмастыратынын атап өтті.

"Жасанды интеллект жылдам дамып келеді, сондықтан қазір көпшілік бұл үрдіс жұмыс орындарының жаппай жоғалуына әкеледі деп алаңдап отыр. Бағдарламалық жасақтама жетілдірілген сайын жүк көлігінің жүргізушілері, мұғалімдер және тіпті дәрігерлер өздерінің жұмысын роботпен немесе компьютерлік бағдарламамен алмастыра алады. Мен болашақта көптеген жұмыстардың software арқылы жасалатынын сеніммен айта аламын. Мәселен, бүгінгі күннің өзінде Финляндияда медициналық диагностиканың 50-55 пайызы бағдарламалық қамтамасыз етуді (software) пайдалану арқылы анықталады. Ал, жақында еуропада 50-пайызға жуық қызметті роботтар көрсететін болады", - деді ол. 

Сондай-ақ, ол жиын барысында жаңа технологияның білім саласындағы рөліне тоқталды. Оның айтуынша, үйрететін мұғалімдердің санын азайтып, керісінше, бағыт, шабыт беретін ұстаздарды көбейтуіміз керек.

"Осыдан 6 жыл бұрын École 42 IT мектебінің негізін қаладым. Бұған оқуға түсу үшін академиялық білімнің қажеті жоқ. Бұл жерде дәріс те, дәріс беретін ұстаз да, тютор да жоқ. Студенттер өздері ізденіп, өз қабілеттерін пайдаланып, таңдауды өздері жасап, өздерінің болашағын өздері қалыптастыруға өздері күш салу керек. Менің ойымша, біз үйрететін мұғалімдердің санын азайтып, керісінше ,шабыт беретін ұстаздарды көбейтуіміз керек. Олардың тек білім саласынан болуы міндетті емес. Ол жаңа әдіс-тәсілдер ұсынатын жаңа көзқарастағы(innovator) адам болуы мүмкін, не білікті кәсіпкер, не данышпан болуы мүмкін", - деді маман.

Сонымен қатар, оның айтуынша қазіргі таңда білікті IT мамандарын табу оңай шаруы емес. 
"Соңғы 25 жылда мен IT саласында мамандар дайындап жүрмін. Себебі компания ретінде бізге осы саланың мамандарын табу өте қиын. Бұл менің програмистер дайындайтын Франциядағы ең мықты университет ашуыма алып келді. Және бұл француз үкіметі тарапынан қолдау тапты. Студенттерге аталған оқу орнында магистратура және докторантура дәрежесін алуға мүмкіндік бар", - деді ол.  

Бұдан бөлек, Николя Садирак елімізде ашылатын Alem school мектебіндегі оқу жүйесі туралы айта келіп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

"Біз әлемді болашақтың сынақтарына дайындау үшін 01 Edu System платформасын жасадық. Енді оны дүниежүзіне тарату мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінде ашуды қолға алып отырмыз. Қазір Қазақстанда Alem school-мен бірге IT мамандарын дайындайтын мектеп ашамыз. Аталған платформа негізінде Қазақстандағы бірінші IT мектепті құруға атсалысқаным үшін қуаныштымын, әрі мақтанамын. Мұндай мектеп әзірге әлемде Жапония, АҚШ секілді 20-ға жуық мемлекетте бар. Алдағы жылдары Африкада да ашу жоспарымызда бар", - деп атап өтті шетелдік сарапшы. 

Айта кетейік, еліміздің астанасында "Digital Bridge" халықаралық технологиялық форумы өтті. Digital Bridge – бұл интернет-компаниялар, технологиялық кәсіпкерлер, венчурлік инвесторлар, бизнес періштелер, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, корпорациялар, IT-мамандар, блогерлер және сандық БАҚ үшін жыл сайынғы өткізілетін форум. Аталған форум IT-технологиялар, инновация, медиа саласында дамыту бойынша тәжірибе және ұсыныстар алмасатын, сондай-ақ Орталық Азия мен басқа әлем арасында Цифрлық көпір құратын алаң болып саналады.

Биылғы жылы Digital Bridge форумы еліміздің жас IT-мамандарын қолдау мақсатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізілді.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды