- Басты
- Жаңалықтар
- Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді
Елден тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары енді eGov.kz интернет-порталы арқылы некеге тұруға немесе оны бұзуға, тууды, қайтыс болуды тіркеуге және атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруға құжаттарды тапсыра алады. Актілік жазбаның тіркелгені туралы Қазақстанның тиісті шет елдердегі мекемесінен хабарлама алған кезде өтініш беруші дайын куәлікті Қазақстанның шет елдердегі елшілігінен немесе консулдығынан алуы қажет. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік әлемнің 20-дан астам нүктесінде бар, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қызметтерді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сыртқы істер министрлігімен және Әділет министрлігімен бірлесіп іске асырды.
"eGov.kz. порталының «Отбасы» бөлімінде неке қиюды немесе оны бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тиісті қызметті табу, қажетті жолдарды толтыру және консулдық алым төлемі туралы чекті жүктеу, бұдан әрі ЭЦҚ немесе SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет. Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың бірінің жеке кабинетіне өтінімді келісу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Ол қажетті жолдарды толтырады және сұрауға қол қояды. Қызмет көрсету мерзімі - 1 ай", делінген хабарламада.
Шетелде баланың тууын тіркеу үшін пайдаланушы қажетті жолдарды толтыруы, сұралған құжаттарды, консулдық алымды төлеу туралы чекті жүктеуі және өтінішке қол қоюы қажет. Қызмет көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін дәл осындай әрекеттерді орындауыңыз керек, бірақ мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.
Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның ЖСН-ін көрсету, қажетті жолдарды толтыру және сұрау салуға қол қою қажет. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады

