• Главная
  • Шерзод Пулатов: Тоқаев біртұтас Қазақстан халқы ретінде ұстанатын ұстанымды нақты айқындап берді
1 сентября, 2020 17:31

Шерзод Пулатов: Тоқаев біртұтас Қазақстан халқы ретінде ұстанатын ұстанымды нақты айқындап берді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына қатысты ойын білдірді.

Шерзод Пулатов: Тоқаев біртұтас Қазақстан халқы ретінде ұстанатын ұстанымды нақты айқындап берді
– Мемлекет басшысы 7 негізгі қағидаға негізделген жаңа экономикалық бағытты атап өтті, олар: міндеттерді әділ бөлуге, жеке кәсіпкерлікке жетекші рөл берілуіне, адал бәсекелестікке, өнімділікті арттыруға, адами капиталды дамытуға, экономиканы көгалдандыруға, мемлекет тарапынан шешімдер қабылдауы және қоғам алдындағы жауапкершілігіне негізделген. Қасым-Жомарт Тоқаев "біз бәсекелестік артықшылықтарымыз бен нақты мүмкіндіктерімізді ескеруіміз керек" деп мәлімдеді. Президент жауапты хатшыларды жойып, министрліктердің бірінші басшыларына және ведомстволардың аппараттарына үлкен жауапкершілік жүктеді, - деді ол.

Сондай-ақ Президент мемлекеттік қызмет пен шенеуніктердің жұмыс деңгейін арттырудың маңыздылығын да атап өтті. 

– Өңірлердің экономикалық салада дамуы басымдыққа ие. Төлемдер санын азайту үшін Салық кодексі қайта қаралады, мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақылары арттырылып, тиісінше үстемеақылар төленеді, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі ұсынылады, ЭКО-ға арналған квоталар саны 7 есе ұлғайтылады. Мұның бәрі біздің еліміздің демографиялық және әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізері сөзсіз. Өмір сүру деңгейін жақсарту арқылы орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін өседі деп күтілуде.Жаңа 2021 жылы ауылдық округ әкімдерін сайлау жүйесі енгізіліп, мәслихаттардың отырыстары енді онлайн режимінде көрсетілетін болады, педофилия мен зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі. Бұл бізді күтіп тұрған басты жаңашылдықтар. Мемлекет басшысы барлығымыздың бірге біртұтас қазақстан халқы ретінде бірге өмірде ұстанатын және жүзеге асыратын ұстанымды нақты айқындап берді, - деп сөзін түйіндеді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов.