• Басты
  • Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр

Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр

31 Наурыз, 2021 09:40

Наурыз айынан бастап Қазақстанның бірнеше қаласында эпидемиологиялық ахуал күрделене түскеніне орай, 30 наурыздан бастап «қызыл аймақтағы» өңірлерде шектеу шаралары енгізілді. Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдени ошақтардың бірі «Астана» концерт залы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының жұмысы қалай жалғаып жатыр? Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.


Мемлекеттік академиялық филармония Кеңес үкітметі заманында құрылған. Кейіннен 1997 жылы Ақмола облыстық филармониясын «Конгресс холл» деп атауын өзгертіп, концерттік орталыққа айналдырған.

537651AB-A2F9-409B-AADC-EA03B61F5566.JPEG

("Астана" концерт залының ғимараты)

Бүгінгі таңда Нұр-сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының құрамында 11 шығармашылық топ бар: қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» фольклорлық ансамбль, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық бөлім вокал, дәстүрлі халық әні бөлімі.

Қазіргі таңда опера әншілері Азамат Жылтыркөзов, Бейбігүл Жанұзақ секілді талантты әншілер – филармонияның мақтаныштары.

Сондай-ақ, қазіргі таңда филармонияның классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің әншісі Әкімхан Маженов Уфа қаласында өтіп жатқан «Яңы Моң» Халықаралық музыка байқауында өнер көрсетуде.

Нұр-Сұлтан қаласына карантиндік шектеу шаралары 30 наурыздан бастап енгізілді. 12 сәуірге дейін жалғасады.

302F35FC-ACCF-4DEA-962B-B07AAE97D5CE.JPEG

(ансамбль дайындығы)

Бұл шектеудің алдында елорда әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Ән-жырым - Сарыарқа» атты Наурыз мерекеcіне арналған концерт өткен.

Айта кетейік, Астана концерт залында Қорқыт мұражайы да орналасқан.

Филармонияның бас директоры Ерлан Дәкеновтің айтуынша, пандемия кедергісіне қарамастан, әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы онлайн концерттер беріліп отыр.

«Әрине, кеселдің кесірінен жұмысымызды толыққанды орындау оңайға түспеді. Өйткені, шектеудің әсерінен ұжымның басын біріктіру мүмкін емес. Осы аралықта кемеде, болконда өткізген көнцерттеріміз болды»,- басшы Ерлан Дәкенов.

Сондай-ақ, 8 наурызда халықаралық әйелдер күніне орай 20% көрерменмен қауышып концерт берген.

7F7CCBA1-16B8-4249-9408-605A851EA312.JPEG

(Ерлан Дәкенов)

«Көрерменмен қауышудың өзі өнер ұжымы үшін үлкен қуаныш. Өйткені өнер адамдары көрменнің ыстық ықыласынан шабыт алады. Өткен жылдан бері пандемия салдарынан лық толы зал алдында концерт қою мүмкін болмай қалды»,- деді ол.

Концерт залда өтетін шаралар санитарлық талаптардың қатаң сақталуымен өтеді.

«Астана» концерт залында өтетін шаралар кезінде санитарлық талаптар қатаң сақталады. Залда көрермен әлеуметтік ара-қашықтықты сақтап отырады. Маскалы режим міндетті түрде, Сахна сыртында да қызметкерлер осы талаптарды сақтайды. Ғимараттың әр бұрышына антисептиктер орналастырылған», - деп түсіндірді бас директор Ерлан Дәкенов.

«Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин өз ансамблінің тарихына шолу жасады.

23 жылдық тарихы бар өнер ұжымы ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Ансамбль – бірнеше халыаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Құрылғанына бір жыл толар-толмастан Францияның Дижон қаласында өткен халықаралық шығармашылық фестивалінің жүлдегері атанған. Сондай-ақ Қытай, Түркия, Ресей, Германия, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия елдеріне барып, табысты өнер көрсеткен.

BF54DE73-A2CB-4A7C-8935-75F0458E3E0A.JPEG

(ансамбль дайындығы)

«Негізгі мақсат – өзіміздің төл аспаптарымызды насихаттау. Соның ішінде домбыра, қобыз, шертер, жетіген, адырна, асатаяқ, сыбызғы, сазсырнай аспаптарын дамыту. Қазіргі таңда халық көптеген жылдам әрі қатты дыбысты әндерден шаршады. Керісінше, қызығушылық әуезді дәстүрлі әуенге ауысты»,- деді «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин.

Ансамбльдің репертуарында 1000-ға жуық шығарма бар. Сонымен қатар, ансамбль құрамында композиторлар да өнер көрсетеді.

 «Репертуарымыздың санын арттыруға өз үлестерін қосып жүрген Ерлан Тоқсабанов, Қаракөз Гасимова, Гүлдария Нариман , Әсет Дәненов және тағы да басқа композиторларымыз бар» - деді ол.

Ансамбль жетекшісі алдағы жоспарларымен бөлісті. Алдағы уақытта Дарын Құдайбергеннің жеке концерті жоспарлануда. Мамыр айында ансамбль маусымының аяқталу кешіне орай бұрын-соңды болмаған авторлық «Көңіл ырғағы» атты жоба дайындалу үстінде. Оның ерекшелігі көнеленген аспаптарды жаңғыртылған түрлері сыбызғы, добыра, қобыз және басқа да фольклорлық аспаптарды топтастырылған жаңа шығармалар орындалады деп жоспарлануда.

FD56E7EB-1B3A-4A7C-81B9-8BF4A39601F6.JPEG

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы әр түрлі бағыттағы музыкалық шығармаларды насихаттауға өз үлесін қосуда. Пандемияға қарамастан, өнер ұжымы шығармашылық ізденіс пен дайындық үстінде.

Венера Жоламанқызы

Барлық жаңалықтар