• Басты
  • Шекара ашылған соң әуе рейсі қатынайтын 3 ел анықталды
29 Мамыр, 2020 15:05

Шекара ашылған соң әуе рейсі қатынайтын 3 ел анықталды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Лесбеков шекара ашылған соң, әуе рейстері қай елдерге ашылатынын ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі жанындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Шекара ашылған соң әуе рейсі қатынайтын 3 ел анықталды
«Пандемия басынан бастап халықаралық бағыттар бойынша 97 бағытта аптасына 440 рейс тоқтатылды. Бұл барлық халықаралық рейстердің 98 пайызын құрады. Коронавирус пандемиясын таратпау мақсатында ведомствоаралық комиссияның отырысында сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі бірлесе отырып, бірнеше бағыт бойынша халықаралық әуерейстерін қайта ашу бойынша тапсырма берілді», - деді ол.

Т.Лесбеков бірінші кезеңде ашылатын әуерейстерін атап өтті.

«Эпидемиологиялық жағдайдың классификациялық деңгейіне сәйкес, Оңтүстік Корея, Әзербайжан, Қытай кірді. Аталған мемлекеттердің авициялық басқармаларымен әуерейстерін қайта бастау мүмкіндігін енді пысықтап жатырмыз. Сыртқы істер министрлігіндегі әріптестеріміз шетелдік және біздің азаматтарымыздың шекарадан өту бойынша мәселелерді пысықтап жатыр. Себебі, кейбір елдердің шекарларында шектеу бар. ДСМ жолаушыларды тасымалдау мен санитарлық талаптарды бекітеді», - деді ол.

Сонымен қатар,бұл әуерейстерінің ертеңнен бастап ашылып кетпейтінін айтты.

«Екінші кезеңде Түркия, АӘБ, Германия және Чехия қарастырылады. Бұл айтылған рейстер эпидемологиялық жағдайға байланысты келісулер біткеннен соң ашылады. Рейстердің ашылуы бойынша қосымша хабарлаймыз», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды