• Басты
  • Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды

Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды

5 Қараша, 2019 10:27

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қытайға сапары барысында Шанхайда өткен 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ә.Смайылов Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсету мақсатында ҚХР Сауда министрлігі ұсынған Шанхай көрмесіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық және сауда павильондарын аралады.

2019 жылғы 13 маусымда Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының 19-отырысына қатысу аясында болған ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер барысында Қытай тарапы Қазақстанды қараша айында өтетін 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесіне құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды.

Шанхай көрмесінде Қазақстан Республикасы ұлттық стендті елдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсетті. ҚР Ұлттық павильонында инвестициялық, сауда, бизнес және туризм саласындағы елдің мүмкіндіктерін таныстыру үшін сегіз ірі компания, оның ішінде «Kazakh Invest» ҰК АҚ, «Самұрық-Қазына»,« Бәйтерек», AIFC, «Astana Expo –2017 », «Kazakh Export», ССДО «Qaztrade», «KazakhTourism» және «Қорғас» ШЫХО көрсетілген.

Қазақстандық өнімдерді 180 шаршы метр аумақты алатын Шанхай импорт көрмесіндегі еліміздің павильонында Қазақстан Республикасының тамақ және ауылшаруашылық салаларының 30 компаниясын ұсынды.

Сондай-ақ көрме барысында бірқатар экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

Айта кетейік, өткен жылы Шанхайда өткен 1-ші Қытай халықаралық импорт көрмесіне 130 елден астам келген 3 мыңнан көп компания қатысты. Оның екі жүзі әлемдегі 500 ірі кәсіпорындардың тізімінде. 270 мың шаршы метрді құрайтын көрменің жалпы алаңында 5 мыңға жуық түрлі бұйымдар мен технологиялар ұсынылды. Іс-шараға 18 мемлекет пен үкімет басшысы және 160 мыңға жуық сатып алушы қатысты.

Барлық жаңалықтар