• Басты
  • «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспана алудың жолдары қандай

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспана алудың жолдары қандай

28 Қазан, 2020 15:48

Бүгін, 28 қазаннан бастап 1986-2017 жылдар аралығында, онымен қоса 2018,2019,202020 жылдары әкімдіктерде баспана кезегіне тұрған азаматтар үй алуға өтініш бере алады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі


Бүгін «Шаңырақ» бағдарламасы, басқаша айтқанда «5-10-20» жобасына өтініш беру басталды. Бұл - баспана алу кезегінде тұрған Қазақстан азаматтарынан өтініш қабылдаудың төртінші кезеңі . Бүгін жоба операторы Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағдарламаға 2018, 2019 және 2020 жылдары әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алатынын хабарлады. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімі www.hcsbk.kz сайтына шықты. 

 Бағдарламаға қатысу үшін не істеу керек?!

«Шаңырақ» бағдарламасына қатысу үшін отбасылық табыс көзі болу керек. Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы шарт. Яғни 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күнкөріс минимімц 32 668 теңгені құрауы тиіс. Еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің немесе зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде күнкөріс көлемі 32668 теңге болуы талап етіледі. Бағдарламаның талабы бойынша 2020 жылы әр отбасы мүшесінің табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы керек.

Бағдарламаға қатысу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

- 28 қазаннан бастап www.hcsbk.kz банк сайтындағы «Қолжетімді тұрғын үй/«Шаңырақ» пилоттық жобасы бөлімі арқылы электрондық өтініш беріңіз;

- Өтініш берген күннен бастап 3 күн ішінде банк операторы сізге хабарласады. Күтіңіз!

- Банк операторы баспана алу үшін несие беру шарттары мен бағдарлама талаптарын түсіндіріп, өтініш тапсыру үшін сізді банк бөлімшесіне жазады;

- Банк бөлімшесіне белгіленген уақытта барыңыз. Төлем қабілетіңізді растайтын тиісті құжаттарды апаруды ұмытпаңыз;

- Несие беруді мақұлдаған банктің оң шешімін алыңыз;

- Банк көрсеткен талаптарға сәйкес жеке құрылыс компанияларынан жаңа пәтер тауып, кепілзат бойынша банк мақұлдауын алып, сату-сатып алу немесе үлестік қатысу келісімдерін жасаңыз;

- Үй тапқан соң, банк сіз таңдаға үйді салған құрылыс компаниясына несие сомасын аударады.

 «5-10-20» несиесін кімдер және қалай алады?

5% жылдық пайызбен несие алу үшін ең алдымен жергілікті әкімдіктің кезегіне тұру керек. Тұрғын үй құрылыс жинақ бенктегі жинақтаушы шотта несие сомасының 10% - ы болуы тиіс. Несие мерзімі 20 жыл. Аталған бағдарламамен пәтер тек жаңадан салынған үйлерден беріледі. Яғни «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер салып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары салған үйлерден пәтер іздей беріңіз. Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы өтінішті жоба операторы саналатын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің сайтында онлайн өтініш қалдырады. Төлем қабілетін бағалау да осы сайтта онлайн түрде беріледі. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинағы жоқ, салым салып үлгермеген азаматтар да осы сайтта өтініш жібереді. Егер банктің бұрыннан бергі клиенті болсаңыз да тура осы операцияларды орындайсыз. Ал әкімшіліктегі кезегіңізді банктің сайтынан емес, электронды Үкіметтен немесе eGov.kz сайты арқылы немесе тұрғылықты жеріңіздің әкімдігінен барып білуге болады.

Бағдарламаға келіп түскен өтініштер саны қанша?

Бағдарламаның алғашқы кезеңінде 19 407 өтініш қабылданды, оның 6 956 кезекке тұру датасына (1986-2010 ж. ж.) сай келді. Сөйтіп, жалпы көлемі 5 752 000 000 теңгеге 447 несиелік өтініш мақұлданды. Бағдарламаның екінші кезеңінде 22 834 өтініш қабылданды, оның 17 986 кезекке тұру датасына (2011-2015 ж. ж.) сай келді. Нәтижесінде, жалпы көлемі 22 325 000 000 теңгеге 1 620 несиелік өтініш мақұлданды. Бағдарламаның үшінші кезеңінде 11 957 өтініш қабылданды, оның 9 511 кезекке тұру датасына (2016-2017 ж. ж.) сай келді. Сонык нәтижесінде жалпы көлемі 4 361 000 000 теңгеге 319 несиелік өтініш мақұлданды.   

Осы күнге дейін барлығы 54 198 өтініш қабылданып, оның 34 453 кезекке тұру датасына (1986-2017 ж. ж.) сай келді. Нәтижесінде, жалпы көлемі 32 млрд 400 млн теңгеден астам қаражатқа 2 386 несиелік өтініш мақұлданды.   

«Шаңырақ» жобасы бойынша баспана алу үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымының қаражатынан компаниялары 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2%), жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шоттарында займ мөлшерінің 10 пайызы көлеміндегі соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін», - деп түсіндірді.

Бағдарлама бойынша берілетін үйдің құны қанша?

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метріне әр қалада әртүрлі баға бекітілген.

Алматы қаласында - 240 мың теңгеге дейін;

Нұр-Сұлтан қаласында - 220 мың теңгеге дейін;

Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда - 200 мың теңгеге дейін;

Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында - 180 мың теңгеге дейін;

Басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары салған үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары мен олардың шекарасымен іргелес елдімекендерде 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған.

Барлық жаңалықтар