• Басты
  • Шағын несие арқылы өз кәсібін ашқан ауылдықтар
30 Наурыз, 2020 17:06

Шағын несие арқылы өз кәсібін ашқан ауылдықтар

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жеңілдетілген несие қожалықтар мен фермерлік шаруашылықтарға, жеке кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ашу мен жеке бизнесті кеңейтуге несие береді. Несие алып, кәсіптерін ашып, одан табыс тауып отырған ауылдық адамдар біраз бар. Жеке кәсіпкерлердің қатарын толтырғандар туралы  Strategy2050.kz АА материалынан оқи аласыздар.
Шағын несие арқылы өз кәсібін ашқан ауылдықтар

Адал еңбек, маңдай тердің арқасында маңайына да шарапаты тиіп жүрген ауылдықтар баршылық. Солардың бірі Отырар ауданына қарасты Көкмардан ауылында тұратын Сәбит Сәрсенбаев.

Ол мал басын көбейту мақсатында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан 4 млн теңге несие рәсімдеп, 16 бас сауын сиыр сатып алған болатын. Сауын сиырларының санын көбейткен Сәбиттің алға қойған жоспарлары ауқымды.

Сондай-ақ, ер азаматтардың жүрегі дауалай бермейтін жылқы шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкер әйелдер туралы да көп айтылады.

Табыс табамын деген адам істің ауыр-жеңілін талғаламаса керек. Мысалы, Шет ауданына қарайтын Ақадыр кентінің тұрғыны Арайлым Хасенова басқа емес, төрт түліктің төресін өсіруді таңдапты.

 Ол үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы арқылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қарағанды облысындағы филиалынан 4 млн теңге несие рәсімдеп, 11 бас жылқы сатып алған. Ендігі жоспары осы жылқыларын өсіріп, өрісін кеңейтпек.

 Ал Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ ауылының тұрғыны Шоали Мирзаюсупов ұлы Муродпен бірге 10 жылдан бері жылыжай салып, өсімдік шаруашылығымен айналысып келеді. Жылыжайдың қыр-сырын жақсы мңгерген кәсіпкер өзіне тиесілі 12 гектар тың жерді игеру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан 12 млн теңге несие рәсімдеп, қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қазіргі уақытта бау-бақша өсіруді бастап кетті. Кәсіпкер жүзім және басқа да жемістер егіп, болашақта өнімін еліміздің өлкелеріне жеткізуді жоспарлап отыр.

 Сонымен қатар, ерінбеген адам екі қолға бір күрек табары сөзсіз. Тек, ниет пен табандылық және еңбек керек. Мысалы, Қаратөбе ауданында тұратын жас кәсіпкер Манарбек Хасенов «Бастау» бағдарламасы арқылы бизнес негіздерін оқыған. Одан кейін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Батыс Қазақстан облысындағы филиалынан несие рәсімдеп, тұрмыстық қоқыс таситын жүк көлігін сатып алды. Осы салада тәжірибесі бар кәсіпкер біріншіден, Қаратөбе ауданының тазалығына ат салысса, екіншіден, адал еңбекпен табыс тауып жүр. Бұл әрине, мемлекеттік бағдарламаның нәтижесі.

Оған қоса, қолынан іс келетін қыз-келіншектер де мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, кәсіппен айналысуға ден қойған. Өйткені, бағдарлама аясында берілетін несиенің жеңілдігі кәсібін жаңа бастағандарға өте ыңғайлы. Мәселен, Кентау қаласының тұрғыны Нулифар Рустемханқызы сұлулық салонын ашып, халыққа қызмет көрсетіп отыр. Кәсіпкер Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан облысындағы филиалынан 3 млн теңге несие рәсімдеп, салонына қажет құрал-жабдықтар сатып алды.

 Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша, Маңғыстау ауданының түрғыны «Қанжар» атты шаруа қожалық иесі Қабиева Әселхан Бауыржанқызы жаңа технология өнімін ойластырды.

Макро-микро элементтері бар, керемет-шөптен малдардың азығына керекті дәрумендер жобасын іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысындағы МҚҰ ЖШС «Атамекен» қаржы ұйымы арқылы несие рәсімдеген болатын, кәсіпкердің кепілдікке қойылған жеке мүлігінің төмен пайызда бағалануына байланысты қосымша кепілдендіру қаражаты Маңғыстау филиалы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы кепілдендіру мақұлданып, кәсіпкерге қолдау көрсетілген болатын.

Ақжайықта да мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер әйелдер көп. Олар қорасындағы сиырларын сауып, табыс табуды жолға қойып алған. Тіпті, сиырларының санын көбейтіп, кәсіптерін кеңейтіп жатыр. Мәселен, осы ауданның Чапаев ауылында тұратын Светлана Қазмұханова Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Батыс Қазақстан облысындағы филиалынан 4 млн теңге несие рәсімдеп, 13 бас сиыр сатып алыпты. Алға қойған жоспарлары да ауқымды. Отбасының табысын еселеп, шаруашылығының қызығын көрмек.

Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды