- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның полицейі кәмелетке толмаған үш бүлдіршінді өрттен құтқарды
ШҚО-ның полицейі кәмелетке толмаған үш бүлдіршінді өрттен құтқарды

Сағат таңғы 05:00 шамасында қалалық полиция бөлімінің жедел уәкілі Интернациональный көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында шаруашылық жайлардан өрт шыққанын байқап қалады.
Тез арада жалын тұрғын үйге келіп жеткен полиция қызметкерінің алдынан үрейленген әйел жүгіріп шығып, өрт шалған ғимаратта кішкене балаларының барын хабарлайды.
Полиция капитаны Иван Назаров тез арада жанып жатқан ғимаратқа кіріп, үш баланы эвакуациялаған. Үй іші түтінге толып, көру мүмкіндігін нашарлағанына қарамастан, аналары сипаттаған бөлмені тауып, ұйқыда жатқан балаларды көрпеге орап, тысқа алып шығады.
“Полиция қызметкерінің жинақы, дұрыс, әрі уақтылы әрекеттері біздің отбасымызды құтқаруға көмектесті. Сондай-ақ, ол өрттің көршілес үйлерге тататылуының алдын алуға көмектесті. Біз Иван Назаровқа өте ризамыз”, - дейді Риддер қаласының тұрғыны Галина Колесникова.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тұрғындарға өрт кезінде жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге көмектесуде.
Айта кетсек, өрт кезіндегі Риддер қаласы полицейлерінің жанкешті іс-әрекет жасаған жалғыз жағдай емес.
22 сәуірде Поперечное ауылының учаскелік инспекторы өз бетінше шаруашылық жайлардан шыққан өрттің көзін жойды. Өртті көрген полиция капитаны Мейірім Азтаев ойланбастан көмекке жүгіріп, тез арада қол асты құралдарының көмегімен отты сөндіруге кіріскен.
“Мейірім Азтаев лезде құдыққа шлангі тығып, сорғыны орнатты. Дәл көз алдымда қоршауға кіріп, өртті сөндіре бастады. Полиция қызметкері бір өзі өртті ауыздықтады”, - дейді ауыл тұрғыны Малика Джамалханова.
Учаскелік полиция инспекторының жедел әрекеті арқасында ірі өртке жақын тұрғын үйлер, жайлар, пішен сарайы өрт құрбандарына айналмады.
Осы тұрғыда Риддер қаласының тұғындары полицейлердің кәсіпкерлігін жоғары бағалады. Қазір азаматтардың және қалалық полиция бөлімі бастығының өтініші бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу мәселесі қарастырылуда.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан
-
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары
-
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда
-
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады
-
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды

