• Басты
  • ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы
20 Қараша, 2020 13:52

ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, биылғы жолдауын iске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар өңiрдегi эпидемиологиялық жағдайға тоқталып өттi. Толығырақ Strategy2050.kz тiлшiсiнiң материалында.

ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы

Облыс басшысының мәлiметiнше, жыл басынан берi, облыс экономикасын дамытуға 106,5 пайыздық өсiммен, 547 млрд теңге инвестиция салынған. Құрылыс жұмыстарының көлемi 125,4 пайызға ұлғайды. Сонымен қатар, 116,7 пайыздық өсiммен 316 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлген. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң қарқыны 112 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығында да 100,3 пайызбен жалпы өсiм сақталған.

«Мемлекеттiк бюджетке түсiм өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 102 пайызға, ал жергiлiктi бюджетке 120 пайызға артты. Халықтың ақшалай табысы 109,4 пайызға, орташа айлық жалақы 120% пайызға, жеке тұлғалардың депозиттерi 111 пайызға, немесе 46 млрд теңгеге өстi. 24 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды, жұмыссыздық деңгейi 4,9 пайыздан аспайды», - дедi облыс басшысы.

Эпидемиологиялық жағдай

Оның дерегiнше, өңiрде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты, күрделi жағдай сақталып отыр. COVID-19 алғашқы оқиғасы тiркелген сәттен бастап, 14000 адам жұқтырған. Облыс ауруханаларында бүгiн 659 ем алып жатыр. Аптасына орташа өсу қарқыны 1,7 пайызды құрайды.

Дегенмен, оның сөзiне сүйенсек, оқу басталғаннан берi облыста оқушылар арасында коронавирустың 410 жағдайы тiркелген. Оның iшiнде, 291 оқушы қашықтықтан, 119 оқушы 93 мектепте штаттық режимде оқыған. Iндет табылғаннан кейiн барлық мектептер жабылып, оқушылар қашықтан оқытуға ауыстырылған.

«Вирус көбiнесе үй жағдайында жұққан. Бүгiнгi таңда облыс ауруханаларында оқушылар жоқ», - дедi ол.

Сонымен қоса облыс басшысы толық медициналық жабдықталған 6,2 мың төсек-орын дайындалғанын атап өттi. Бүгiнде 3,7 мың орын iске қосылды. Инфекциялық бөлiмдердегi емделушiлер, оксигенотерапиямен 100 пайыз қамтылған. Ауыр науқастарға 3200 иммундық плазма дозасы дайындалды, бұл елдегi жалпы қордың 60 пайызын құрайды. Оның iшiнде, 180 реципиентке 350 плазма дозасы құйылған.

Оның дерегiнше, 15 компьтерлiк томограф 24/7 режимiнде жұмыс iстейдi. 1 желтоқсаннан бастап қосымша 3 жаңа компьютерлiк томография науқастарды диагностикалауды бастайды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына уақтылы медициналық көмек көрсету үшiн қолданыстағы 6 жылжымалы медициналық кешенге 10 жаңа кешен қосылды. Облыста 67 рентген аппараты жұмыс iстейдi.

«Жедел жәрдем паркi 216 бiрлiкке кеңейiп келедi, оның 88-i желiде жұмыс iстейдi, қалған 128-i 10 желтоқсанға дейiн қолжетiмдi болмақ. Жалпы, жедел жәрдем саны 2,5 есе өстi», - дедi ол.

Сондай-ақ ол COVID-19 диагностикасының қолжетiмдiлiгi мен уақтылы диагностиканы арттыру үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен қолданыстағы 13 ПТР зертханасына қосымша 7 ПТР зертханасы ашылып жатқанын, олардың тәулiгiне 7 мыңға дейiн сынама жасай алатынын атап өттi. Бүгiнгi таңда 4-i жұмыс iстейдi, 20 қарашаға дейiн тағы 3-i зерттеу жұмыстарын бастамақ.

«Барлық қолжетiмдi ПТР зертханалары тәулiгiне 16 мың сынама жасай алады. Пандемия басталғаннан берi 355 мың сынақ, оның iшiнде 57 мың зерттеу қарашаның 17 күнiнде жасалған. Жалпы, пандемиямен күрес шеңберiнде облыстың денсаулық сақтау саласына қажеттi құрал-жабдықтар мен негiзгi құралдарды жаңартуға 22,2 млрд теңге жұмсалды», - дедi облыс басшысы.

Сонымен қатар, 1,9 млрд теңге сомасына жоғары сұраныстағы және жеке қорғаныс құралдарындағы дәрi-дәрмектердi тұрақтандыру қоры құрылған.

Бұдан бөлек жағдайды бақылау және жедел шаралар қабылдау үшiн КВИ ошақтарын оқшаулау орталығы құрылған, ол әртүрлi мәселелермен айналысатын бес сандық модульдi бiрiктiредi, яғни зертханалық мәлiметтер бойынша инфекцияны талдаудан бастап, ошақтарды жоюға және медициналық эпидемиологиялық топтардың жұмысын үйлестiруге дейiн.

«Орталықтың мәлiметтерi негiзiнде 584 медициналық-эпидемиологиялық топ қарашаның 15 күнiнде 3,5 мың инфекция ошағында 10 мың байланысқан адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргiздi. Қажет болса, бригадалар саны 684-ке дейiн көбейтiледi», - дедi Даниал Ахметов.

ШОБ-ты қолдау

Оның мәлеметiнше, жыл басынан берi ШОБ-тан бюджетке төлемдер түсiмi 121% - ға (63 млрд теңге), негiзгi капиталға тартылған инвестициялар көлемi 126% - ға (241,3 млрд теңге) өскен. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 1657 бизнес субъектiсi 66 млрд теңгеге мемлекеттiк қолдау алды.

Өнеркәсiп және ШОБ саласында экспортқа бағдарланған өндiрiс орындарын құру, нақты сектордың бәсекелестiк артықшылықтарын күшейту жөнiндегi мiндеттер iске асырылды. «Кәсiпкерлiктi қолдау картасы» аясында биыл 37,5 млрд.теңгеге 5 жоба қолға алынған.

Оның сөзiнше, агроөнеркәсiптiк кешен өңiрдiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Күзгi дала жұмыстарын аяқтау қорытындысы бойынша жалпы өнiм жинау 340,0 млрд теңгеге бағаланып, өткен жылға қарағанда 130%-ға өстi. Барлығы 804 мың тонна дәндi және 626 тонна майлы дақылдар жиналды. Айта кетейiк, бүгiнгi таңда Шығыс Қазақстанға елiмiзде өсiрiлетiн күнбағыс көлемiнiң 66%-ы тиесiлi. Майлы дақылдарды өңдеу бойынша өнiм көлемiн жылына 700 мың тоннаға дейiн ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн 3 iрi жоба iске асырылуда.

Мал шаруашылығы

Әкiмдiктiң дерегiнше, өңiрде мал шаруашылығы табысты дамуда. Сүт және ет көлемi бойынша облыс өңiрлер арасында жетекшi орында. 10 айдың қорытындысы бойынша 7 мың бас IҚМ арналған 3 бордақылау алаңы пайдалануға берiлдi, 1600 басқа арналған 8 сүт-тауар фермасы салынды және қайта жаңғыртылды, 5 сүт қабылдау пунктi ұйымдастырылған.

«Мемлекет басшысының ауылдық аумақтарды дамыту жөнiндегi тапсырмасын орындауға сәйкес барлық ауыл халқының 57%-ын немесе 116 тiрек ауылды қамтитын «Ауыл - ел бесiгi» арнайы жобасы iске асырылуда. Ағымдағы жылы 20 тiрек ауылда 7,7 млрд теңгеге 52 жоба жүзеге асырылды. Оның iшiнде 5 денсаулық сақтау, 5 спорт, 5 мәдениет объектiлерi салынып, 13 бiлiм беру объектiсi мен 92 шақырым көшеге жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi», - дедi ол.

Бiлiм саласы

Оның айтуынша, бiлiм беру саласы қарқынды дамуда. Абай ауданының Қарауыл ауылында Назарбаев Зияткерлiк мектептерiнiң стандарттары бойынша жабдықталған 300 орындық, Өскеменде - 1000 орындық, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 300 орын интернаты бар 600 орындық жаңа мектептер ашылды. Қашықтықтан оқыту үшiн барлық жағдайлар жасалып, облыс мектептерi тарапынан 33,7 мың дана компьютерлiк техника сатып алынды. Жалпы бiлiм алушылардың 90%-дан астамы интернет желiсiне қосылып, балалардың 6%-ы роутерлермен қамтамасыз етiлген.

Көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары

Көпбалалы отбасыларды қолдау шаралары жалғасуда. Өткен жылдың басында кезекте тұрған 906 отбасының 62%-ы (563 отбасы) баспаналы болды. Ағымдағы жылдың соңына дейiн 1038 көпбалалы отбасы жаңа қонысқа ие болмақ. Халықтың барлық жiктерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету үшiн жалпы көлемi 827,4 мың ш.м. 122 көппәтерлi және 2658 бiр қабатты үйлердiң (тұрғындардыкiн ескере отырып) құрылысы жүргiзiлуде, жалпы алғанда, тұрғын үй құрылысына 2019 жылдың деңгейiне қарағанда 1,5 есе өсiммен 30 млрд теңге инвестиция тартылған.

21,1 мың жұмыс орны құрылды

Шығыс Қазақстанда, облыс басшысының дерегiнше, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 77,4 млрд теңгеге 21,1 мың жұмыс орны құрылып, 819 инфрақұрылымдық жоба iске асырылуда. Әлеуметтiк саланың 479 объектiсi жөнделген.

«Атап айтқанда, 264 - бiлiм беру, 30 – денсаулық сақтау, 76 – мәдениет, 43 – спорт, 66 – әлеуметтiк қамсыздандыру салалары бойынша. 87 шақырым су құбыры желiлерiне, 238 шақырым жолдар мен көшелерге жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, 79 аула абаттандырылды», - дедi Даниал Ахметов.

Сумен жабдықтау

Сонымен қатар облыс басшысы биыл ШҚО-да сумен жабдықтау бойынша 139 жоба жүзеге асырылуда, оның iшiнде 92 нысанды iске қосу жоспарланғанын атап өттi. Саны аз ауылды елдiмекендердi сумен барынша қамту мақсатында 525 млн теңгеге 51 блокты-модульдiк су тазарту және тарату станциясы орнатылды. 2019-2021 жылдар iшiнде барлығы 179 блокты-модульдiк станция орнатылады.

«Өңiрде 2015 жылдан бастап сумен жабдықтау объектiлерiн салу мен реконструкциялауды қаржыландыру көлемi 9 есеге ұлғайды. Нәтижесiнде халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етiлуi 85-тен 92,3%-ға дейiн (өсiм 7,3%), оның iшiнде ауыл халқы бойынша 65,1-ден 82% - ға дейiн (өсiм 16,9%) өстi», - дедi ол.

Сонымен қатар облыстың шекара маңындағы аудандарының өмiр сүру сапасын жақсарту және халықтың кетуiн азайту мақсатында барлық мәселелер жан-жақты зертелгеннен кейiн, азаматтардың пiкiрлерiн ескере отырып, Күршiм, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарын дамыту жөнiндегi 2020-2024 жылдарға арналған кешендi жоспарлар әзiрленген.

«Оларды iске асыруға бастапқыда бес жыл iшiнде барлығы 209 млрд теңге бағыттау жоспарланған болатын, алайда «Жұмыспен қамту жол картасы» жобаларының есебiнен бұл сома 9 млрд-қа артып, 218 млрд. теңгенi құрады. Оның iшiнде, ағымдағы жылы 44 млрд.теңге жұмсалды. Осы қаражатқа 17 екi пәтерлi үй салынып, 85 үйдiң құрылысы басталды. 155 әлеуметтiк сала нысаны мен 258 шақырым жолға және т. б. нысандарға жөндеу жүргiзiлдi», - дедi Даниал Ахметов.

Оның пiкiрiнше, шекаралық аумақтардағы орасан зор резервтер мен бәсекелестiк артықшылықтарды тиiмдi пайдалану экономикалық тұрғыдан белсендi халықтың келуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермек. .

Сонымен қатар облыс басшысы әкiмдiк жұмысының басым бағыты - дағдарысқа қарсы шаралармен үйлесе отырып, экономикалық дамудың оң серпiнiн сақтау, еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтың осал топтарын қолдау екенiн баса айтып өттi.

Барлық жаңалықтар
31.13.103.3, 192.168.88.100