- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да миллионнан астам гектарға егін егіледі
ШҚО-да миллионнан астам гектарға егін егіледі

Ағымдағы жылы ШҚО-да 1,3 млн гектар жерге егіс егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 мың гектарға артық. Жаздық егіс көлемі 1 млн 98 мың гектарды құрайды.
Негізінен өңірде дәнді, дәнді-бұршақты дақылдарды – 559,3 мың (жалпы алаңның 41%) және майлы дақылдар 481 мың гектарға (35,1%) егіледі.
Майлы дақылдардың үлесінде дәстүрлі күнбағыс басым, оның көлемі – 445 мың гектардан астам.
Бұдан басқа, егіс алқабының 292 мың гектарына жем-шөп егіледі.
Сондай-ақ, 19 мың гектарға картоп, 16 мың гектарға көкөніс пен бақша салынады. Бұл ШҚО-дағы барлық егіс алқабының 2,5% құрайды.
Көктемгі егіс жұмыстарына 16,6 мың трактор, 5 мыңнан астам жүк көлігі, 93 егіс кешені, 11 мыңнан астам тұқым сепкіш, соқалар мен культиваторлар жұмылдырылады. Тракторлар 98%-ға, қалған техника – 100%-ға дайын.
Көктемгі егіс жұмыстарына 2,5 мыңнан астам ірі және орта шаруашылық жұмылдырылған. Егіс жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар МХЗ-дан 30 мың тонна дизель отыны бөлінді. Наурыз айына 8 мың тонна, сәуір айына 9 мың тонна, мамыр айына 8 мың тонна, маусым айына 5 мың тонна белгіленді. Қала мен аудан әкімдіктерімен оларды жеткізу жөніндегі операторлар анықталды.
Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен субсидия түрінде 5,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде тұқым шаруашылығын қолдауға – 2,7 млрд теңге, минералды тыңайтқыштардың құнын арзандатуға – 1,7 млрд теңге, пестицидтерді арзандатуға – 1,4 млрд теңге.
Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы егіс науқанын қосымша қаржыландыру үшін фермерлерге 2,4 млрд. теңгеден астам төмен пайызды несие берілген.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында егіс алқаптарын өңдеу және ылғалды жабу жұмыстары жүргізілуде. Үржар, Зайсан және Тарбағатай аудандарында қазірдің өзінде дәнді дақылдар егілді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді

