- Басты
- ШҚО-да АӘК алатын көпбалалы аналар бизнесті сәтті іске қосуда
ШҚО-да АӘК алатын көпбалалы аналар бизнесті сәтті іске қосуда
Шығыс Қазақстан облысының атаулы әлеуметтік көмек алатын көпбалалы аналар мемлекеттің қолдауын пайдаланып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы бола отырып, өз отбасыларының материалдық жағдайларын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар өз бизнестерін ашуға мүмкіндік алды.

Семей қаласының тұрғыны Дамегүл Құрапанбаева кәмелетке толмаған төрт баланы тәрбиелеп, 94 153 теңге көлемінде АӘК алады. Әйелдің айтуынша, мемлекеттік қолдау оның отбасына көп көмегін тигізді. Енді ол жеке кәсібін ашу арқылы ешкімге тәуелді болмауға бел буып отыр.
«Мен өз бизнесімді ашуды көптен бері армандаған едім, бірақ оған қаражатым мен мүмкіндігім болмады және неден бастайтынымды білмедім. Уақыт өте келе әлеуметтік желілерден «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы білдім. Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтап, бизнес-жоспарды сәтті қорғап, қаладағы сауда орталықтарының бірінде балалардың демалысын ұйымдастыру және бойынша бизнес идеяны жүзеге асыру үшін 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болдым. Идеяны іске асыру барысында маған жан-жақтан көмек көрсетілді. Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары неден бастау қажеттігін рет-ретімен, біртіндеп түсіндіріп берсе, Кәсіпкерлер палатасында бизнес-жоспар құруыма көмектесті. Оларсыз қандай нәтижеге қол жеткізе алатынымды елестете алмаймын. Енді, ақыры, арманым орындалды. Осы бағдарламаның арқасында менің алғашқы арманым енді мақсатқа айналды. Ешкімге мүдделі болмай жұмыс істеген жақсы ғой! Мен өзін-өзі дамытуға көптеген мүмкіндіктер беретін мемлекеттік қолдауға ризашылығым шексіз» – деп бөлісті Дәмегүл Құрапанбаева.
Оның жетістікке жету тарихы өңірдегі жалғыз оқиға емес. Осыған ұқсас мысал Қатонқарағай ауданында да орын алған, онда жалғызбасты ана Гүлнұр Гайсина АӘК тағайындалғаннан кейін отбасының қаржылық жағдайын жақсартып қана қоймай, тігін машинасын сатып алуға ақша үнемдей алды. Оған жеке кәсібінің ашылуына бірер қадам ған қалып отыр.
«Мен Урыль ауылында тұрамын, төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын. Біреулерге үміт артпай, мақсатыңа жету үшін бар күш-жігеріңді салу керек екенін жақсы білемін. Мен ауылдық мәдениет үйінде жұмыс істеймін, бірақ, өкінішке орай, балаларымды асырауға жалақым жетпейді. Сондықтан мен құжаттарымды тапсырып, ӘЕК алуға қол жеткіздім. Отбасыма тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектен ай сайын белгілі бір соманы үнемдеудің нәтижесінде тігін машинасын сатып алдым. Қазір отбасыма киім тігемін. Бақытымызға орай, менің тігін өнеріне ебім бар, қолөнердің бұл түрін анам менің бойыма жастайымнан дарытты. Жеке кәсіпкерлік ашып, балалар мен ересектерге арналған киімдерді тігуді жоспарлап отырмын. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көп нәрсе айтылып қана емес, жасалып та жатыр. Кәсіпкерлік негіздерін тегін оқуға, микрокредит немесе грант алуға болады. Ең бастысы – ынтаң болса болғаны» – деп өз жоспарларымен бөлісті Гүлнұр Гайсина.
ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, бүгінгі күнде облыста 19 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. АӘК төлеуге бюджеттен 11,4 млрд теңге көзделген, оның 7,1 млрд теңгесі төленді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау көптеген отбасыларға қиын жағдайдан шығуға мүмкіндік беріп отыр.
«Өңірде барлығы 95 мыңнан астам адам АӘК алады, оның ішінде 41 724 адам көпбалалы отбасылардан. Сонымен бірге көпбалалы аналар кәсіпкерлік шараларға белсенді қатысуда», – деді ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сарсебаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылғы 7 қазанда ҚР Үкіметі отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланып отырған АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін таныстырған болатын.
«Ең басты принцип – мемлекет шын мәнінде көмекке мұқтаж адамдарға, бірінші кезекте балалар мен көпбалалы отбасыларға көмектеседі! Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналастыруға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру кіреді», – деді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар табысына қарамастан төленеді.
АӘК табысы аз отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға төленетін болады. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.
Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ оларға мектепке дейін жол жүру шығындары өтелетін болады. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.
Ағымдағы жылғы он айда АӘК 452,1 мың отбасына немесе 2,3 млн адамға тағайындалды. Бір адамға шаққандағы АӘК орташа мөлшері 12,6 мың теңгені құрайды. Орташа есеппен отбасына 90 мың теңге шығады, айына ең көп тағайындалған сома – 455 мың теңге. Ағымдағы жылы АӘК-ке 245,1 млрд теңге қарастырылған, оның 163,2 млрд теңгесі төленді.
-
Үкімет сағатында АӘК жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру талқыланды
Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның басшылығымен кезекті Үкімет сағаты өтіп, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жаңа тәсілдері, оны іске асыру тетіктері, аталған салада орын алған проблемаларды және оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
09 Желтоқсан 2019, 17:55
-
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны ресімдеу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі шектелмеген
4 және одан да көп балалары бар қазақстандықтарға көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қысқа мерзімде құжаттар тапсыруға ұмтыла отырып, ХҚКО-да ажиотаж жасау қажет емес. Бұл жәрдемақыны алу құқығын рәсімдеу мерзімі шектелмеген.
04 Желтоқсан 2019, 14:23
-
«Каспий конституциясын» іске асыру үрдісі
Былтырғы жылы 12 тамызда Ақтау қаласында Бесінші Каспий саммиті барысында 5 мемлекеттің басшылары (Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан) Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойды. Теңіз жағалаудағы барлық мемлекеттер үшін стратегиялық маңызы бар құжат. Оны қабылдағаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті.
25 Қараша 2019, 13:32
-
Ауыл-ел бесігі: Биыл 53 ауылда 452 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр
«Ауыл-ел бесігі» бағдарлмасы аясында іске асырылып жатқан іс-шаралар Үкімет отырысында талқыланды. Бағдарлама аясында атқарылған нақты істер мен алдағы мақсаттар сараланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 10:22
-
Қ.Тоқаев «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігіне барды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігіне барды,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
29 Қазан 2019, 18:21
-
Жамбыл облысында АӘК алушы көпбалалы ана тігін шеберханасын ашты
Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында тұратын көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алғаннан кейін әлеуметтік келісімшарт бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысып, өз үйінде тігін шеберханасын ашты.
29 Қазан 2019, 10:19
-
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК қалай көрсетіледі
Атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдай, табысы аз отбасыларға төленеді. Алайда, АӘК тағайындаудың жаңа тетіктері әр отбасына жеке тәсілді ұсынады. Негізгі принцип - мемлекет шынымен көмекке мұқтаж адамдарға көмектеседі.
28 Қазан 2019, 17:16
-
«Нұрлы жолдың» жаңа кезеңі іске қосылады
2019 жылы 22 қазанда ҚР Үкіметінің жиынында «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын дамыту мәселесі қаралды. Биыл 2014-2019 жылдарға арналған бағдарламаның алғашқы кезеңі аяқталып, 2020-2025 жылдары іске асырудың жаңа бағыттары бекітіледі. Аталмыш бағдарламаның алғашқы кезеңдегі жетістіктері мен жаңа міндеттері туралы төмендегі материалда қарастырамыз.
25 Қазан 2019, 10:38
-
Қазақстанда 5G желісі іске қосылды
"Қазақтелеком" компаниясы еліміздегі алғашқы 5G коммерциялық желісін іске қосты. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Digital Bridge 2019 халықаралық технологиялық форумында "Қазақтелеком" АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
24 Қазан 2019, 12:07
-
Қазақстан арқылы Сиань – Прага қатынасында жаңа контейнерлік сервис іске қосылды
Алтынкөл қазақстандық шекаралық станция арқылы транзитпен Қытай – Еуропа – Қытай жаңа баламалы бағыт бойынша алғаш рет Сиань (Синьчжу) – Стамбұл (Халкали) – Прага (Чехия) бағыты бойынша контейнерлік пойыз жүріп өтті.
21 Қазан 2019, 11:03
-
Жаңа жылдан бастап мыңдаған көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
18 Қазан 2019, 16:04
-
Маңғыстауда кәсіпкерлер бизнестің қыр-сырымен бөлісті
Маңғыстау облысында ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр. Жиын барысында өз саласында ғана емес, жеке кәсіпкерлік бағытында да көптеген жетістікке жетіп, ауыл-аймақтағы тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған бірқатар әйелдердің аты аталды. Осы бағытта өзгеге үлгі болсын деген ниетпен кәсіпкерлермен шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
18 Қазан 2019, 14:50
-
Жамбыл облысында 9,6 мыңнан астам отбасы АӘК төлемдерін қайтарады
16 Қазан 2019, 12:12
-
Электрондық денсаулық сақтау паспорты іске қосылды
Электрондық денсаулық сақтау паспорты іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев электрондық паспорттың ерекшеліктері мен тиімділігі жөнінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
15 Қазан 2019, 14:56
-
Барлығы да кішкентай нәрседен басталады –АӘК алушы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Ошаған ауылында тұратын жалғыз басты ана, атаулы әлеуметтік көмек алудың нәтижесінде жеке қосалқы шаруашылығын құрып, отбасының материалдық жағдайын жақсартуға қол жеткізді.
15 Қазан 2019, 09:54
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды