- Басты
- Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысанның құрылысын тексерді
Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысанның құрылысын тексерді
Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы бірқатар нысанның құрылысын тексерді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

"Түркістан қаласында көлік нөпірі көбейгендіктен, кептелісінің алдын алу мақсатында бірқатар көшелер кеңейтіліп, тағы біразы жөндеуден өтіп, бірнеше жаңа жолдар төселмек. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы басталған Ясауи көшесінің жобасымен танысты. Мемлекет қазынасынан керекті қаражат бөлінген жаңа жолдың айналасына жолаяқ төселіп, жан-жағы жасыл желекке оранбақ. Аймақ басшысы жаңа көшенің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшылығына жол салу технологиясының талаптарын қатаң ұстануды тапсырды", делінген хабарламада.
Сонымен бірге арнайы жұмысшы топты басқарған Өмірзақ Естайұлы шаһарда салынған су арналары мен гүлзарларды аралап көрді. Қаладағы экологиялық ахуалды тұрақтандырып, қолайлы климат қалыптастыру мақсатында шаһарды айнала «Жасыл белдеу» құрылған. Төрт жыл ішінде 4 млн түп көшет отырғызылып, көше қала ну орманға айналмақ.
Бұдан басқа аймақ басшысы Түркістан қаласындағы теміржол вокзалын аралап көріп, жаңадан соғылатын гүлзар мен вокзал аймағындағы абаттандыру жұмыстарының жобасымен танысты. Теміржол вокзалының айналасында күрделі жөндеу жүрігізіліп, жолдар жаңадан төселеді. Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасы абаттандыру жобасын тексерді. Бұл шешім Дүниежүзілік мұра мәселелері жөніндегі ЮНЕСКО отырысында қабылданған болатын. Қазір құрылыс аумағы тегістеліп, тазартылуда.
Түркістан облысының әлемдік деңгейде мәдени дамуын, халықаралық туризмді дамыту мен сақтау және Ұлы Жібек жолының дәстүрлі қолөнерін жандандыру көзделген.
-
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде
-
Түркістан облысының дамуы: Түркістан қаласының салынуы, Мақтааралдың қалпына келтірілуі
-
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр
-
Түркістан қаласының келбеті қалай өзгереді
-
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
-
Түркістан облысында 200-ден астам жүргізуші армениялық көліктерін тіркеді
-
Түркістан: Түлкібаста қоғамдық орындарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
-
Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
-
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
-
Шөкеев Түркістан облысында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейтуді тапсырды
-
Түркістан облысында карантин режимі жағдай тұрақтанғанша жалғасады
-
Ғ.Ағаділов: Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелді
-
Түркістан облысында тігін фабрикасы салынады
-
Түркістандық азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды
-
Түркістанда халықаралық туризм университеті ашылды

