• Басты
  • Ш.Ахметов: ШОБ субъектілерін қолдау мақсатында салалық шектеулер алынып тасталды
23 Сәуір, 2020 11:41

Ш.Ахметов: ШОБ субъектілерін қолдау мақсатында салалық шектеулер алынып тасталды

Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында "Бизнестің жол картасы 2020-25" бағдарламасы аясында салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы шағын және орта бизнесті жаңа кезеңдегі қолдау жөнінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ш.Ахметов: ШОБ субъектілерін қолдау мақсатында салалық шектеулер алынып тасталды

Департамент директоры өз сөзінде карантинге байланысты зардап шеккен шағын және орта бизнес қызметтерін атап өтті. 

"Вирустық инфекцияға байланысты жарияланған карантимен мәбүрлі шектеу шаралары шағын және орта бизнес қызметіне кері әсерін тигізіп отыр. Атап айтсам, негізгі зардап шеккендер қатарына қоғамдық тамақтандыру, қонақүйлер, ірі сауда орталықтары, білім беру қызметі, көлік қызметі және тағы басқа халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлік субьектілер. Өзінің қызметін мәжбүрлі түрде тоқтатқан шағын және орта бизнес кәсіпорындарының толық тізбесі емес", - деді Шыңғыс Ахметов.

Оның айтуынша, бұған дейін де ел президентінің тапсырмасымен ШОБ субъектілерін қолдау үшін бірқатар шара қолға алынған.

"Қазіргі жағдайға байланысты министрліктің алдында дағдарысқа қарсы жедел шараларын әзірлеу міндеті тұр. Өздеріңіз білетіндей, үкімет пен мемлекет басшысының тапсырамасымен және үкімет шешімімен салықтық ынталандыру, коммуналдық қызметтерді төлеуді кейінге қалдыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыру, жеңілдікті қаржыландыруға қол жеткізу сияқты бірқатар шара қабылданып отыр", - деді ол. 

Сонымен қатар Шыңғыс Ахметов шағын және орта бизнестің субьектілеріне қазіргі жағдайда "Бизнестің жол картасы 2020-25" қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы шеңберінде қандай нақты қолдау шаралары іске асырылып жатқанына тоқталды.

"Бұрын "Бизнестің жол картасы 2020-25" бағдарламасының шарты бойынша экономиканың нақты салаларын ғана қолдау көзделетін. Яғни, арнайы салалық шектеулер болатын. Қазіргі жағдайды ескере отырып, салалық шектеуге қарамастан бүкіл шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау міндетін түсіне отырып, аталған бағдарлама шеңберінде салалық шектеулер алынып тасталды. Дегенмен бағдарлама шеңберінде екі шектеу сақталып отыр", - деді департамент директоры.

Оның сөзінше, біріншіден, сауда саласында жылжымайтын мүлікті, құрал жабдықтарды сатып алу сияқты инвестициялық мақсаттарға бағытталған несиелерді бағдарлама шеңберінде алып тастауға болмайды.

"Алайда сауда қызметін қолдау мақсатында айналым қаражатты қаржыландыратын несилерді алуға мүмкіндік берілген. Айналым қаражатын тауарларды сатып алуға, жалға алған нәрселерге төлем жасауға, жұмысшылардың қаражатын төлеу үшін қолдануға болады", - деді Шыңғыс Ахметов.

Сонымен қатар департамент директорының сөзіне сүйенсек, екінші шектеу ҚР кәсіпкерлік кодексіне сәйкес сақталып отыр.

"Кәсіпкерлік кодексіне байланысты мемлекеттік қолдау шаралары берілмейтін кәсіпкерлік субъектілері бар. Мысалы, бұлар есірткілік құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына қатысты қызмет, акцизделетін өнім өндіру және көтерме сауда, астық қабылдау пункттеріндегі астық сақтау қызметі, лотерея ойнату, ойын бизнесі саласындағы қызмет, радиоактивтік материалдар айналымы қызметі, банк қызметі, сақтандыру нарығындағы қызмет, аудиторлық қызмет, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет, кредиттік бюро қызметі, күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару мен олардың оқдәрілері айналымы қызметі", - деді Шыңғыс Ахметов.

Оның сөзінше, осы екі шектеуді есептемегенде, кез келген шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектісі бағдарламаға қатысып, жеңілдікпен несие ала алады.  

"Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушы үшін несиенің құны банктік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаумен есептегенде 6 пайызды құрайды. Бір кәсіпкерді кредиттік қолдау мөлшері 7 млрд теңгеге ұлғайды. Бұрын 2,5 млрд теңге боатын. Айналым қаражатын қаржылай толықтыру айтарлықтай кеңейтілді. Шағын және орта бизнес үшін ең маңызды қаражат болып табылады. Бағдарлама шеңберінде айналым қаражаты 60 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейін ұлғайып отыр. Бұл ретте сауда қызметі субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру 100 млн теңгеге дейін жүзеге асырылады", - деді департамент директоры.

Оның айтуынша, екінші маңызды мәселе кəсіпкер несие алу үшін банкке жүгінгенде оның кепілі жеткіліксіз болуы мүмкін, сол себепті де бірқатар шара қабылданған.

"Бұл мəселені шешу мақсатында, мемлекеттік тараптан кепілдендіру берілетін несиенің мөлшері 360 млн. теңгеден 1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Осындай несиенің 50 пайыз мемлекет тарапынан кепілдендіріледі. Ал, 360 млн теңгеге дейін берілетін несие бойынша мемлекеттік кепілдендіру мөлшері 85 пайызды құрайды", - деді Шыңғыс Ахметов.

Бұдан бөлек ол ҚР Ұлттық банкі төтенше жағдай кезінде зардап шеккен ШОБ-ты жеңілдікпен  кредиттеудің жаңа бағдарламасын іске асыруға кіріскенін атап өтті. 

"Осы мақсатқа 600 млрд теңге бөлінді. Кредит 1 жылға дейін кредиттеу мерзімімен 8пайыз мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Министрлік ШОБ саласындағы ахуалды қадағалап, бизнестен түскен ұсыныстарға баса назар аударады. Қажет болған жағдайда, қосымша қолдау шараларын іске асырылады", - деп түйіндеді ол.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды