• Басты
  • "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында қаржыландырылатын салалар тізбесі кеңейтілді
23 Сәуір, 2020 12:30

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында қаржыландырылатын салалар тізбесі кеңейтілді

"Қарапайым заттар экономикасы"  бағдарламасы аясында қаржыландырылатын салалар тізбесі кеңейтілді. Бұл туралы шағын және орта бизнесті жаңа кезеңдегі қолдау жөнінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Қарапайым заттар экономикасы"  бағдарламасы аясында қаржыландырылатын салалар тізбесі кеңейтілді

Департамент директорының айтуынша, "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының негізгі міндеті - ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, бəсекеге қабілетті өңдеуші өнеркəсіпті ынталандыру, əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру, халық тұтынатын тауарлар номенклатурасын арттыру.

"Бұған біз тоқыма бұйымдар, жиһаз, тамақ өнімдерін өндіру жəне көптеген басқа да салаларды жатқызамыз.  Бұл бағдарламаның импортты алмастыруға бағытталған  ын ескере отырып, оның салалық шектеулері сақталып отыр. Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға болатын салалар тізбесі кеңейтілді. Мәселен, "Күріш өсіру",  "Нан өндірісі", "Жеңіл металл конструкцияларының өндірісі", "Көтергіш крандар өндірісі" қосылды. 

Сонымен бірге оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен бағдарлама бойынша жобаларды қаржыландыру үшін жалпы несиелеу көлемі 1 трлн теңгеге дейін артқан.

"Бұл сомадан 700 млрд теңге агроөнеркəсіп кешені саласына өңдеу мен өндіруге, 300 млрд тенге өңдеуші өнеркəсіп пен қызмет көрсету саласына бағытталады. Сонымен  бірге 100 млрд теңге көктемгі егіс жұмыстарына жіберіледі. "Қарапайым заттар экономикасы" шеңберінде несиенің 5 млрд теңгеге дейін кепілдендіру мөлшері     30 пайызды құрайды. Егер қаржыландыру сұранысы 3 млрд теңгеден аспайтын болса, кепілдендіру мөлшері 50 пайызды құрайды", - деді Шыңғыс Ахметов.


Оның айтуынша, осы бағдарламалар бойынша басты оператор "Даму" кəсіпкерлікті дамыту қоры болып табылады.
 

"Несие бойынша құжаттарды дайындау, сыйақы мөлшерін субсидиялау жəне несиені кепілдендіру жөнінде осы қорға жүгінуге болады. Қордың филиалдары барлық өңірде жəне ірі қалаларда бар", - деп түйіндеді ол сөзін.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды