• Басты
  • Сенатта цифрлық технологияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасы қаралды
9 Маусым, 2020 15:46

Сенатта цифрлық технологияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасы қаралды

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы онлайн режимде өтті. Онда цифрлық технологияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобалары қаралды, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Сенатта цифрлық технологияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасы қаралды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Президент Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

Құжат цифрлық технологияларды пайдалану негізінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға, азаматтардың жеке мәліметтерінің қорғалуын қамтамасыз етуге және күшейтуге бағытталған. Осы мақсатта аталған салаға жауапты уәкілетті орган анықталып, оның негізгі функциялары белгіленеді.

Сонымен қатар, аталған заң жобасында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы жобаларды іске асыруға жағдай жасау, ұшқыссыз басқарылатын ұшу аппаратын қауіпсіз пайдалану механизмдерін айқындау және елімізде роботтарды қолдану үлесін арттыру қарастырылған.

Отырыста сенторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да талқылады.

Бұл құжаттың негізгі мақсаттары – тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық қарым-қатынасты одан әрі жетілдіру, тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу институтының рөлін арттыру, мәртебесін көтеру, сондай-ақ бизнестің тұтынушы алдындағы әлеуметтік және материалдық жауапкершілігін арттыру.

Құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құруға және осы салада Бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заң жобалары Палата қарауына жолданды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды