• Басты
  • Сенатта мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары талқыланды
13 Қыркүйек, 2019 16:41

Сенатта мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары талқыланды

Сенатта  мүгедектікке ұшыраған адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы болды. Жұмыс тобы Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша құрылған болатын.
Сенатта мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары талқыланды

Оның құрамына Сенат депутаттары, жауапты министрліктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жұмыс тобына Батыс Қазақстан облысынан сайланған сенатор Нариман Төреғалиев жетекшілік етеді.

Отырысқа қатысушылардың айтуынша, кейінгі кезде жұмыс берушілердің тарапынан мүгедектікке ұшыраған азаматтардың қызметін төмендетіп, жалақысын азайту көріністері белең алуда. Сондықтан, қолданыстағы заңдардағы жұмыс берушілерге қатысты ережелерді қатаңдату қажет болып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жәрдемдесетін әлеуметтік қызметкерлер мәртебесін көтеру жайы да талқыланды. Әлеуметтік қызметкерлерді жалақысы мен білім деңгейі төмен әрі тұрмыстық жұмыстарды атқарушылар ретінде қабылдайтыны туралы айтылды. Үкіметтік емес ұйым өкілдері олардың мәртебесін заң жүзінде көтеруді, біліктілігін арттыруды және жалақыларын қайта қарауды ұсынды.

 «Бізде мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген заңдар бар. Алайда олардың орындалуы ойдағыдай емес. Әсіресе, жауапты органдар тарапынан осы мәселені ескермей келе жатқаны байқалып отыр. Біз барлық ұсыныстар мен бастамаларды жинақтап, тиісті органдарға құжаттар топтамасын әзірлейтін боламыз», - деді сенатор Нариман Төреғалиев.
Нариман Төреғалиев жұмыс тобы биылғы 30 қарашаға дейін жұмыс істейтінін атап өтті.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды