• Басты
  • Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы талқыланды
2 Маусым, 2020 18:41

Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы талқыланды

Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен және жұртшылық өкілдерімен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын талқылады, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы талқыланды

Өз сөзінде Сенат Төрағасы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Президенттің денсаулық сақтау мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы медициналық инфрақұрылымды дамыту, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту, дәрігерлердің жалақысын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойып отыр. Президентіміздің тапсырмасын орындау аясында, Кодекс қабылданғаннан кейін отандық медицинадағы мәселелерді оң шешуге өз үлесін қосатын болады», – деді Мәулен Әшімбаев.


Сондай-ақ, Төраға індетпен күресте ерен еңбегімен көзге түсіп, жанкештілік танытқан еліміздегі барша медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Кодекс жобасын әзірлеушілердің айтуынша, құжатта қоғам денсаулығын қорғауды күшейтуге, ұлттың денсаулығын нығайтуға, мемлекет пен жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін күшейтуге, цифрлық денсаулық сақтау саласын дамытуға, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге арналған нормалар бар. Соған байланысты ілеспе түзетулермен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіледі.

Жобаның қабылдануы медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды тиімді реттеуге ықпал етеді.

Сонымен қатар жаңадан енгізілетін ережелер заңнамалық қайшылықтарды азайтуға және денсаулық сақтаудың деңгейін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына жақындатуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, кодекс жобасында медицинаны дамытудың өзекті мәселелерін шешуді және халықтың денсаулығын қорғау жүйесін жақсарту бойынша тиімді шараларды көздейтін түзетулер қамтылып отыр.

Отырысқа Сенат депутаттары, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ, сарапшы мамандар мен қоғамның белсенді өкілдері қатысты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды