• Басты
  • Сенатта еліміздің Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім қаралды
22 Сәуір, 2020 16:03

Сенатта еліміздің Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім қаралды

Сенатта Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлады Strategy2050.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сенатта еліміздің Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім қаралды

Отырыста баяндама жасаған ұлттық экономика министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев Келісімде мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу кезінде Азия Даму Банкінің саясаты мен ережелерін қолдану жөнінде ережелер белгіленгенін атап өтті. «Онда тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және экологиялық және әлеуметтік қорғау шаралары, негізгі еңбек стандарттары, төлемдер, ақпараттарды ашу, гендерлік дамудағы ережелер бар», - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік кепілдікпен берілген қарыз шарттарын тарату жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев қаралып отырған Келісім экономиканы дамытуға бағытталғанын және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия Даму Банкінің арасындағы әріптестікті нығайтуға жасалған тағы бір қадам екенін атап өтті.

«Еліміздің экономикалық дамуына Азия Даму Банкінің қызметі жұмыс орындарын құру, инновацияларды ынталандыру, әлеуетті ұлғайту, білім мен үздік халықаралық практикаларды енгізу негізінде кең ауқымды қолдау көрсету арқылы өз үлесін қосуда. Азия Даму Банкі қарыздан бөлек, «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы», «Цифрлік Қазақстан», агроөнеркәсіпті дамыту мемлекеттік бағдарламалары бойынша техникалық көмек көрсетеді», - деді Н.Қылышбаев.

Заң жобасын қабылдау жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы, көлік және экономиканың басқа да секторларында мемлекеттік қарыздар және мемлекеттік кепілдікпен қарыздар түрінде инвестициялар тартудың қосымша мүмкіндіктерін беру жолымен инвестициялық жобаларды іске асыруға АДБ-ның салымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды