• Басты
  • Сенатта балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
30 Қаңтар, 2020 09:16

Сенатта балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігінің басшылығымен кездесті.

Сенатта балық шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Шараға комитет мүшелері, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының, «Қазақ балық шаруашылығы» балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының, су жәндіктерін зерттеу, өндіру және қайта өңдеу жөніндегі мекемелердің, сондай-ақ балық шаруашылықтарының басшылары қатысты.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының» бас директоры Қуаныш Иісбеков баяндама жасады. Ол балық шаруашылығы саласындағы негізгі проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдары туралы жан-жақты айтып берді. Мәселен, Солтүстік Каспийде балық аулаудың шығыны аз құралдары мен тәсілдерінің трансферті мен өз жаңалықтарын ынталандыру, теңіз кемелерін жалдау (жалға алу) шығындарын субсидиялау, жаңа кемелер, аулау құралдарының лизингі, несие мөлшерлемелерін арзандату, жанар-жағар май шығындарын өтеу арқылы мемлекеттік қолдау шаралары есебінен инвестициялар тарту, сондай-ақ Каспийдің орташа бөлігінде кәсіпшілік тиімділігін анықтау үшін тартылған теңіз кемелерінде өнеркәсіптік аулауға барынша жақын ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған балық аулауды ұйымдастыру қажет.

Кездесуде экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев та сөз сөйледі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда шетелден балықтың жартылай фабрикаттары нарыққа әкелінеді, әйтсе де мұндай өнімдерді өзімізде өндіруге әрі экспорттауға да болар еді. 

Комитет төрағасы Серік Жақсыбеков кездесуді қорытындылай келіп, талқылау нәтижесі бойынша әзірленген ұсынымдар алдағы заң шығару жұмыстары барысында ескерілетінін және тиісті мемлекеттік басқару органдарына жіберілетінін атап өтті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды