- Басты
- Сенатта «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру талқыланды
Сенатта «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру талқыланды
8 Қараша, 2019 11:59
Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті еліміздің Ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшыларымен кездесіп, «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.

«Көптеген ауылдардың, әсіресе шекарадағы ауылдық жерлердің «Ауыл-ел бесігі» жобасына енбегені бізді толғандырып отыр. Ол жерде де біздің азаматтарымыз тұрады, олар да мектептер мен ауруханаларға мұқтаж», - деді комитет төрағасы Әли Бектаев.
Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ермек Алпысовтың айтуынша, 2027 жылға дейін жобаны жүзеге асыруға 900 млрд теңге бөлінеді. Оның 70 пайызы республикалық бюджеттен, қалған 30 пайызы жергілікті бюджеттен болады. Әкімдіктермен бірлесе отырып, жыл соңына дейін ауылдық аумақтар мен елді мекендердің тізімі жаңартылады.
«Жоспар бойынша 2027 жылға дейін «Ауыл-ел бесігі» жобасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша 7 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқаты жақсарып, ауыз сумен, дамыған инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі», - деп сендірді Е. Алпысов.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев өз кезегінде министрлік өкілдеріне елді мекендерге барып, бөлінген қаражаттың игерілуін тексеру жөнінде кеңес берді. Сенатор сондай-ақ комитет бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізетінін атап өтті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Су саласын цифрландыру, заңнаманы жетілдіру қалай жүзеге асуда
-
Жастар үшін мүмкіндік: «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ерекшеліктері
-
Экономикалық өсiмдi қалпына келтipу туpалы заң жобасына қандай түзетулер енгізілмек
-
Балаларды кітап оқуға қызықтыру: «Оқуға құштар мектеп» жобасының ерекшеліктері
-
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жандандыру үшін арнайы Жол картасы әзірленбек
-
Ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету қалай жүзеге асады
-
ТДМ: «3.2.1. Старт!» жастар жобасына қалай қатысуға болады, талаптары қандай
-
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс-тәсілдер талқыланды

