• Басты
  • Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды
13 Желтоқсан, 2019 11:24

Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды

Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. 


Сенатта қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға бағытталған заң жобасы қаралды

Шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, әділет, сыртқы істер, сауда және интеграция министрліктерінің өкілдері, басқа комитеттердің депутаттары мен Сенат Аппаратының қызметкерлері қатысты. 

Комитеті төрағасы Ольга Перепечинаның айтуынша, құжатты ратификациялау банк, сақтандыру секторларында, бағалы қағаздар көрсетілетін қызметтердің лицензияларын өзара тануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ одаққа мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кемсітушіліксіз қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов осы заң жобасын қабылдаудағы негізгі бағыттарды белгіледі. 

 «Заңды жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етпейді. Жеке тұлғалар үшін қаржы қызметтеріне қол жеткізуді арттыруға, ал кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет үшін әкімшілік кедергілерді азайтып, отандық қызмет берушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру әлеуметтік-экономикалық оң ықпал етеді», - деді ол. 

Құжат Палата қарауына жіберілді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды