• Басты
  • Сенатта қарауында 15-ке жуық заң жобасы бар
15 Сәуір, 2020 16:05

Сенатта қарауында 15-ке жуық заң жобасы бар

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жұмыс кестесі өзгерді. Енгізілген өзгерістерге қарамастан Палатаның заң шығару қызметі жалғасын табуда. Төтенше жағдай кезінде жоспарланған сапарлар мен шаралардың бәріне тыйым салынды. Сенат ғимаратында күніне бірнеше рет тиісті санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Strategy2050.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сенатта қарауында 15-ке жуық заң жобасы бар

Қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында Сенат отырысын өткізу тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Палата отырысында қаралып жатқан заң жобаларына қатысты баяндама жасау мен сұрақтарға жауап беру үшін бейнеконференция байланысы қолданылады. 

Сенат комитеттерінің отырыстары да бейнеконференция байланысы арқылы өтуде. Сенаторлар сонымен қатар күн тәртібі аясындағы сұрақтарды да қашықтан талқылауды жүзеге асыруда. Депутаттардың айтуынша, заң шығару процесінің бәрін цифрландыру оған мүмкіндік беріп отыр. Сенат сайтына барлық заң жобалары орналастырылған, заң жобасына жауапты адамдармен өзара байланысқа барлық мүмкіндік бар. 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында 15-ке жуық заң жобасы бар екенін атап өткен жөн. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы», «Ардагерлер туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және тағы басқа заң жобалары бар. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды