• Басты
  • Сенаторлар Үкімет басшысы мен Алматы қаласы әкіміне хат жолдады
16 Сәуір, 2020 17:15

Сенаторлар Үкімет басшысы мен Алматы қаласы әкіміне хат жолдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері М.Бақтиярұлы, С.Бектұрғанов, Б.Жұмағұлов, Н.Жүсіп, Н.Төреғалиев, А.Қапбарова Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы А.Маминге және Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың атына хат жолдады. 
Сенаторлар Үкімет басшысы мен Алматы қаласы әкіміне хат жолдады

Хаттың мазмұны Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жылдам тұрғызылатын инфекциялық үш аурухана салу туралы шешіміне байланысты болып отыр. Нақты айтқанда Алматы қаласында «BI Group» компаниясы кіріскен жаңа аурухана ғимаратының құрылысына қатысты. Біріншіден, құрылысы тез салынатын бұл ауруханалардың жобалау-сметалық құжаттары мен келісім шарттары әлі жасалмаған. Екіншіден, аталған аурухана Алматыдағы тарихи мәні зор «Сақ қорғандары» аумағында салынатыны қоғамдық жұртшылықты да, Сенат депутаттарын да қатты алаңдататыны айтылған. 

Оның үстіне «Сақ қорғандары» - Алматы қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы №4/840 қаулысы бойынша тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілген. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде аурухананың  ежелгі темір дәуірінің ғажайып мұрасы саналатын аумақта салынатыны туралы дабыл қаққан материалдар жарияланды.

Киелі жерде орын тепкен аурухана құрылысына байланысты тарих ғылымының кандидаты Нұрлан Атығаев өз ойын білдірді. «Ауруханаға жер телімін бөлудің алдында жер қатынастары басқармасы ол тұста археологиялық нысандардың бар-жоғын анықтап, тиісті ақпарат беруі керек болатын. Содан кейін барып ғимарат құрылысын Мәдениет басқармасымен келісіп барып бастау қажет еді», - деді ол. 

Осыған орай, Сенат депутаттары Қазақстан Республикасы Үкімет басшысы мен Алматы қаласының әкімінен Алматы қаласындағы жедел тұрғызылатын аурухана құрылысының заң талаптарына  сәйкес жүргізілуі керектігін сұрайды. 

Сенаторлар сонымен қатар Археология институтының қорытындысын алуды, қажет болған жағдайда «BI Group» компаниясының тарихи ескерткіштер орналасқан аумақта құрылыс салуын тоқтатуды, бұл үшін басқа жер телімін, не басқа да жолдарын іздеу керектігін айтып отыр. 


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды