• Басты
  • Сенаторлар "Бейбіт жиналыстар туралы" заң жобасын қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарды
14 Мамыр, 2020 11:00

Сенаторлар "Бейбіт жиналыстар туралы" заң жобасын қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарды

Сенат депутаттары Мәжіліске Қазақстанда "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын, сондай-ақ "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы заң жобасын қайтарып берді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Сенаторлар "Бейбіт жиналыстар туралы" заң жобасын қайта қарау үшін Мәжіліске қайтарды

ҚР Парламенті сенатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі жалпы отырысында  ҚР "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" туралы заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Сенат қаулысымен конституциялық заңнама сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне заң жобасын екінші оқылымда дайындау тапсырылды. Конституциялық заңнама сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі әрі депутат Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша, комитет бірнеше отырыс өткізіп, заң жобасын талқыға салған.

"Осыған байланысты жұмыс тобының бірнеше отырысы өтті.  Заң жобасы жан-жақты қаралып, талқылаудан өтті. Заң жобасын әзірлеуші мемелкеттік орган ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдері шақырылып, олардың пікірі тыңдалды. 11 мамыр күні комитеттің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл заң ҚР Конституциясының 32 бабында бекітілген Қазақстан азаматтарының бейбіт әрі қарусыз жиналу жиналыстары, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылға тұру құқығын жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді көздейді. Ол үш тармаққа біріктірілген 21 тармақтан тұрады", - деді ол.

Оның сөзінше, заң жобасында қазіргі қолданыстағы 1995 жылы 17 наурызда қабылданған ҚР бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу туралы заңының күшін жою қарастырылған. 

"Заң жобасы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы 2 қыркүйек күні "Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы  митинг туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі тапсырмасы аясында дайындалған. Заң жобасы  ның қолданыстағы заң жобасымен салыстырғанда ерекшелігі және жаңашылдығы туралы бірінші оқылымда баяндалды. Сондықтан оған екінші рет тоқталудың қажеті жоқ деп есептеймін", - деді комитет өкілі. 

Сондай-ақ жалпы отырыс кезінде Конституциялық заңнама сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Сәрсенбай Еңсегенов заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет екенін айтты. 

"Бас комитет сенаттың заңнама редакциялық-баспа бөлімдерімен бірлесе отырып, заң жобасының жекелеген баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деген тоқтамға келді. Комитет заң жобасындағы алты бапқа байланысты 16 ұсынысты орынды деп санап, оларды салыстырмалы кестеге енгізіп, назарларыңызға ұсынып отыр", - деді ол. 

Сонымен бірге ол заң жобасын екінші оқылымға дайындау кезінде оны жетілдіруге байланысты ұсыныстарымен бөлісті. Оның сөзінше, ұсыныстардың бір тобы заң жобасының 5-бабы 2-тармағындағы бейбіт жиналысты ұйымдастырушының міндеттері мен  осы баптың 3-тармағындағы бейбіт жиналысты өткізу кезінде тыйым салу негіздерін қамтитын, сонымен бірге 6- баптың 3-тармағындағы бейбіт жиналысқа қатысушының әрекетіне тыйым салу туралы тармақтарына қатысты. 

"Заң жобасында бейбіт жиналысқа қатысушылардан өз бетін бүркемеуін, оның ішінде бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және өзге де заттарды пайдаланбауды талап ету ұйымдастырушыға міндет етіп жүктелген. Сонымен қатар бейбіт жиналысты өткізу кезінде ұйымдастырушыға бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және өзге де заттарды пайдалануға тыйым салынған. Комитет ұйымдастырушыға міндеттеліп отырған бұл нормаларды алып тастауды ұсынамыз. Себебі кей жағдайда бейбіт жиналысқа қатысушылардың денсаулығын сақтауға байланысты жеке қорғаныш құралдарын қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін. Мұндай жағдай орын алған кезде заң жобасының жоғарыда аталған нормалар азамттардың құқығын шектейді", - деді Сәрсенбай Еңсегенов.

Оның пікірінше, осындай негізбен заң жобасындағы бейбіт жиналысқа қатысушылардың денсаулығын сақтауға бағытталған жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға мүмкіндік беретін толықтырылу ұсынылып отыр. 

Бұдан бөлек депутат заң жобасын талқылау барысында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және оны өткізетін арнайы орындарды белгілеу және оның санына қатысты туындаған сқрақтарға тоқталды.

"Бұл мәселе қоғам арасында да кеңінен талқыға түскен. Мәселені қарап комитет астананың, республикалық маңызы бар және облыс орталықтары болып есептелетін қалалар мен олардың құрамына кіретін аудандарда арнайы орындар міндетті түрде орталықта орналасуы және олардың саны үшеуден кем болмауы тиіс деген шешімге тоқтады. Бұл жиналыстар, митингілер тосқауыл қоюға қатысушылардың көріну мен естілу және өткізу мүмкіндігін арттырады. Аталған ұсыныс заң жобасының осы мәселесін реттейтін 9-бабының 2-тармағына қосымша 2-ші бөлік ретінде енгізілген", - деді Сәрсенбай Еңсегенов. 


Cонымен бірге ол бейбiт жиналыстарды тоқтату негiздерi мен тәртiбi 18-бапта көзделгенін атап өтті. Оның атуынша, осы баптың 1-тармағы 3-тармақшасына сәйкес, бейбiт жиналыстарға қатысушылардың күш қолдануы, сондай-ақ бейбiт жиналысты ұйымдaстырушының зaң талаптарын бұзуы митингтi тоқтатуға негiз болады.

"Бұл қоғамдық тәртiп, денсаулықты сaқтау, бaсқа адамдардың құқықтары мен бостандығын қорғауға бағытталған маңызды норма. Оның заңда орын алуы жөн. Алайда, заң бұзушылық жойылғaн жағдайда бейбiт жиналысты жaлғастыруға мүмкiндiк беру керек деген ойдамыз. Сондықтан жoғарыда атaлған норманы алып тастау және 18-бапты жаңа 4-тармақпен толықтыру ұсынылaды", - деді ол.

Сенат ұсынылғaн өзгерістeрді енгізудi қолдап дауыс берiп, зaң жобaсын мәжiлiске қaйтaрды.

Сонымен қоса айта кету керек, сенатта заң жобасын талқылау барысында депутаттар мемлекеттік тілдегі құжатта жүздеген лингвистикалық қателіктерді анықтады. Осы себепті де Сенат заң жобаларын Мәжіліске қайта қарау үшін жіберді. Егер Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келіссе, заң жобаларын парламент қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілетін болады. 

Барлық жаңалықтар