- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын қарады
Сенаторлар банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын қарады
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Заң жобасының мақсаты – алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы белгілеген оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрменсіздік жүйесінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Жобаның тұжырымдамалық негізгі бағыттарына: оңалту және банкроттық рәсімдерін бастау тәртібін қайта қарау; оңалтуды қолдану және банкрот деп тану тәртібін қайта қарау; банкроттық рәсімдерін қысқарту мақсатында кредиторлар жиналысының өкілеттігін қайта қарау; кредиторлардың борышкерге қойылатын талаптарын мәлімдеу тәртібін нақтылау; уақытша басқарушыны немесе уақытша әкімшіні тағайындау тәртібін қайта қарау; басқарушыларға төленетін сыйақыны төлеуді қайта қарау; кепілді кредиторлар талаптарын қанағаттандыру тәртібін қайта қарау; әдейі банкроттық және жалған банкроттық үшін қағидаларды қайта қарау; жұмыс істемейтін борышкерді банкроттық рәсімін қозғаусыз тарату тәртібін қайта қарау; магистральдық теміржол желісін және теміржол көлігінің жылжымалы құрамын дамыту мақсатында шығарылған тасымалдаушының облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібін белгілеу; микро және шағын бизнес компанияларын табыс салығынан үш жыл мерзімге босату; бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және тиімсіз пайдаланғаны үшін жауапкершілікті күшейту жатады.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері