• Басты
  • Сенаторлар Алматы қаласындағы №153 мектеп-гимназияның ұжымымен кездесті
10 Қаңтар, 2020 16:30

Сенаторлар Алматы қаласындағы №153 мектеп-гимназияның ұжымымен кездесті

Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Алматыдағы А.Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназияның оқытушыларымен кездесті.

Сенаторлар Алматы қаласындағы №153 мектеп-гимназияның ұжымымен кездесті

Д.Нөкетаева «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңның ережелері мен талаптары туралы айтып берді. Бұл заң жарты миллионнан астам оқытушылардың жұмысын реттейді. Депутат педагогтардың құқықтарын кеңейту, ауыртпалықты азайту, мұғалім қызметіне қойылатын талаптарды күшейту, материалдық емес ынталандыру мен материалдық тұрғыда қолдау тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Н.Жүсіп «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң қабылданғаннан кейін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда қамтамасыз ету үшін мемлекет қабылдайтын шаралар жүйесі енгізілгенін атап өтті. Жұмыс істейтін азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы төлеу, жұмысқа орналасу, асыраушысынан айырылу, жүкті болуы мен босануы және 1 жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі баптар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Депутат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі қағидалары туралы хабардар етті және енді әрбір азаматтың денсаулығы үшін адам, жұмыс беруші және мемлекет жауапты екенін атап өтті.

0ae552e7-1abc-4f05-958b-d8d869959fca (2).jpg

Парламентшілер тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша заңнаманың негізгі ережелерін де түсіндірді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды