• Басты
  • Сенаторлар Ақмола облысы Сандықтау ауданында кездесу өткізді
8 Қаңтар, 2020 14:50

Сенаторлар Ақмола облысы Сандықтау ауданында кездесу өткізді


Сенат депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.
Сенаторлар  Ақмола облысы Сандықтау ауданында кездесу өткізді

Сенаторлар сапар барысында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының, «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ өткен жылы Парламентте қабылданған заңдардағы жаңалықтар туралы хабардар етті.

Кездесу аясында аудандағы «Ауыл-ел бесігі» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Осы жоба бойынша 2020 жылға 1 305 019 мың теңге бөлінген болатын. Бұл қаржы аурухана ғимаратын, №1 Балкашин және Сандықтау орта мектептері мен «Мирас» балабақшасын күрделі жөндеуге, ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу барысында асфальт төсеуге (4.6 км) жұмсалатын болады. 

Депутаттардың жұмыс сапары Максимовка ауылдық округінде одан әрі жалғасты. Бұл жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесулер болды. Ауылда спорт нысандары салынып, Максимовка орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізілген болатын. Сенаторлар жаңа үйлер мен жабық хоккей алаңын көрді.

Ауылдық мектептің педагогикалық ұжымымен кездесу барысында сенаторлар «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануына байланысты мұғалімдер мен тәрбиешілерге қатысты өзгерістер туралы хабардар етті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды