- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет
Сенатор Нұртөре Жүсіп Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында журналистердің мәртебесін заңнамалық көтеру қажеттілігін көтерді.

Депутаттың айтуынша, журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде анықталмаған. «БАҚ туралы» Заңда және еліміздің Еңбек кодексінде журналистердің мәртебесі мен кепілдіктері туралы баптар жоқ. Салалық заңда журналистердің құқықтары мен міндеттері ғана жазылған. Мұның бәрі журналистердің өте жауапты және қауіпті жұмысын ескермеу.
Нұртөре Жүсіп отандық журналистиканы дамыту үшін журналистердің мәртебесін көтеру, оларды әлеуметтік кепілдіктермен және қорғаумен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Сенатор пандемия кезінде журналистер дәрігерлермен, полицейлермен және құтқарушылармен тең дәрежеде жұмыс істегенін, бірақ олардан айырмашылығы – БАҚ қызметкерлері бұл үшін ешқандай қосымша ақы және әлеуметтік кепілдік алмағанын еске салды. Журналистер жеңілдікті санаттар қатарында тұрғын үй алуға үміткер бола алмайды. Себебі олар мемлекеттік қызметкер де, азаматтық қызметкер де емес.
«Журналистерге сот, прокуратура, ішкі істер, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келді.Бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалынсыз қоғамды демократияландыру мүмкін емес. Сондықтан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін арнайы әлеуметтік мәртебе арқылы қолдауды әрі қорғауды ұсынамыз. Бұл үшін «Журналист мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдау қажет деп ойлаймын»,- деді депутат өз сауалында.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет
-
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет
-
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет
-
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет
-
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет
-
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ
-
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»
-
Шомылу маусымында нені ескеру қажет
-
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ
-
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет

