• Басты
  • Сенатор: Жаңа заңда дәрі тасымалдауға қатысты қатайту шаралары көзделіп отыр
11 Маусым, 2020 17:43

Сенатор: Жаңа заңда дәрі тасымалдауға қатысты қатайту шаралары көзделіп отыр

Сенат "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы мен ілеспе заң жобасын толықтырып, өзгертулер енгізу үшін Мәжіліске қайтарды. Осы орайда жаңа құжатқа қандай өзгерістер, нормалар енгізілгенін білу үшін сенатор Мұрат бақтиярұлының пікірін білген едік. Ол заңға енгізілген жаңа нормаларға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Сенатор: Жаңа заңда дәрі тасымалдауға қатысты қатайту шаралары көзделіп отыр
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы заң жобасы былтыр қыркүйек айында мәжіліске келіп түсті. 8 ай бойына мәжілісте жан-жақты талқыланып, қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдардың пікірі тыңдалды. Қазір сенатта талқылану үстінде. Кеше ғана комитеттің кеңейтілген отырыс өтті. Бұл көп талқыға түскен заң жобаларының бірі болып отыр", - деді сенат депутаты.


 Сонымен қатар ол заң жобасына енгізілген жаңа нормаларға тоқталды. 

"Елбасы мен президенттің тапсырмасы негізінде дайындалды. Қазіргі таңда темекі және темекіні ауыстыратын нәрселер пайда болды. Осыған шектеу шараларын күшейтуді қарастырады бұл заң. Қоғамда біраздан бері талқыға түскен мәселе. Сондай-ақ үлкен қалалардағы халықтың түнгі тыныштығын сақтау мәселесі. Түнгі 22.00-ден бастап таңғы 9.00-ге дейін болған, біз осыны ұлғайттық. Көпшіліктің көңілінен шығады деп есептеймін. Сонымен бірге дәрінің сапасына, тасымалдауына байланысты қатайту шаралары заңмен көзделіп отыр", - деді Мұрат Бақтиярұлы.


Оның сөзінше, бұған дейін халық арасында дау тудырған екпе егу мәселесі де заңда қарастырылған. 

"Екпеге байланысты мәселе мәжілісте де көп талқыға түсті. Біз бір шешімге келдік. Ол азаматтардың конституциялық құқығын сақтау мәселесі. Екпені азаматтар тек өз еркімен салдырады. Сондай-ақ екпені салдырудан бас тартуға да болады. Бірақ міндетті екепелердің түрі бар. Оның саны көп емес, шектеулі.  Сондай-ақ адам ағзаларын беруге қатысты мәселе бұрынғы кодекспен салыстырғанда барынша қатайтылған. Қайтыс болған адамның өзі жазып кеткен қағазынсыз, не болмаса туыстарының рұқсатынсыз беруге, шетелге сатуға тыйым салынған", - деді сенатор.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды