• Басты
  • Сенатор Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ ПА шараларына қатысты
29 Қазан, 2019 12:05

Сенатор Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ ПА шараларына қатысты


Сенатор Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі салалық комитеттер мен тұрақты комиссиялар төрағаларының үйлестіру кеңесіне қатысты.
Сенатор Нұржан Нұрсипатов ҰҚШҰ ПА шараларына қатысты

 Үйлестіру кеңесінде Парламенттің екі палатасындағы салалық комитеттердің мүшелері мен Тәжікстанның әлеуетті органдарының басшылары бас қосты. 

Сенат хабарлағандай, күн тәртібіне орай ҰҚШҰ мүшелері аймақтың қазіргі заманғы саяси ахуалын, бейбітшілік пен ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бірлесе үйлестіру аясында қорғаныс және қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін қарады. ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы жағдайды одан әрі дамыту мен жақсарту, оның ішінде заңнамалық қолдауды талап ететін бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Сапар барысында кеңеске қатысушылар Жуков орденіне ие 201-ші Гатчинск әскери базасында болды, онда ҰҚШҰ оңтүстік шекарасын күзету қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайымен, сондай-ақ Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімімен (Вахдат қаласы) танысты.  

Сондай-ақ Үйлестіру кеңесі мен Тұрақты комиссияның мүшелері ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығуына байқаушы ретінде қатысуы жоспарланды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды