• Басты
  • Сенатор Нұрлан Қылышбаев Қапшағай қаласында еңбек ұжымдарымен кездесті
10 Қаңтар, 2020 13:45

Сенатор Нұрлан Қылышбаев Қапшағай қаласында еңбек ұжымдарымен кездесті

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысының Қапшағай қаласында болды. 
 Сенатор Нұрлан Қылышбаев Қапшағай қаласында еңбек ұжымдарымен кездесті

Сенатор қуаты 100 Мвт «Eneverse Kunkuat» күн электр станциясын аралады, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру жөніндегі «Кұмсуат Фарм» мекемесінің жұмысымен, «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыратын «Термомакс» серіктестігінің «Balsu-Lux» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысты.

Сенатор еңбек ұжымдарымен кездесу аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларының, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басымдықтары мен іске асу барысы туралы хабардар етті. Сондай-ақ Парламенттің 2019 жылғы заң шығару жұмысының қорытындылары туралы айтылды.


Барлық жаңалықтар